Атырау, 9 шілде 04:22
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Жасөспірімдер бұзақылық та, қарақшылық та жасайды

4 892 просмотра


Жақында әлеуметтік желіде Түркістанның жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларын қорлап, күш көрсетіп жатқан бейнежазба тараған еді. Полиция қатысушыларды анықтап жатқанда, желілерде тағы да Түркістаннан жасөспірімдерді топ болып ұрып-соғып жатқан жаңа бейнежазба пайда болды. «AЖ» Атырау облысындағы жасөспірімдер қылмысына қатысты мәселелер туралы сұрастырды.

- 2018 жылы сот кәмелетке жетпеген 6 заң бұзушыға үкім шығарды. Бұлар: 4 қарақшылық, тонау және денсаулыққа көрінеу ауыр зиян келтіру қылмыстарын жасаған, - деп хабарлады кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. – Алтауы да түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, олардың ең кішісінің жасы – 16-да.

Жақында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысының ішкі істер органдарына 127 кәмелетке толмағандар жеткізілген, олардың 108-і әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

- 92 ата-ана балаларын қараусыз қалдырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, сот кәмелетке толмағандарға темекі мен алкоголь өнімдерін сатқан 11 адамға ақшалай айыппұл салды, -  дейді дейді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. - Жеті жасөспірім ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы («Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық») бойынша жауапкершілікке тартылды

Фархат ӘБІЛОВ

5 ақпан 2019, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.