Атырау, 26 қаңтар 03:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.35
€ 590.63
₽ 6.62

Ұрылар ұсталды

Бейнежазба
4 718 рет қаралды

Бейнежазбадан алынған кадр
Атырау полициясы қала маңындағы Көкарна, Көктем, Балауса, Жұлдыз, Ақсай, Геолог және Тасқала ықшам аудандарында биылғы ақпан-наурыз айларында жасалған ұрлық қылмыстарын ашты.

- 28 және 18 жастағы Атыраудың екі тұрғыны ұсталып, олардан 18 ұрлық бойынша заттай айғақтар тәркіленді. Зиянның жалпы сомасы - 5 млн 522 мың теңге. ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүрізілуде, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Ұсталған екеуге қатысты ҚР ҚК 291-бабы (қаруды жымқыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өйткені «олжалардың» арасында екі атыс қаруы салынған сейф те болды.


Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі ұсынған бейнежазба

1 мамыр 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.