Атырау, 9 шілде 05:01
 ашықВ Атырау +32
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Қазаншының еркінде қайда есірткі салса да

3 249 просмотра


Атырауда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасының барысында мектептердің біріндегі жылу қазандығының ғимаратында есірткі сақтаған қазаншы ұсталды. Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы ("Есірткі заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бұдан басқа, көңіл көтеретін орындардың бірінен 41 дана «Тропикамид» және 32 дана «Трамадол» медициналық препараттары табылған Атырау тұрғыны ұсталды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облыстық фармбақылау департаментіне жолданды. Айтпақшы, кейбір мәліметтер бойынша, құрамында есірткісі бар препараттарды саудалайтын танымал алыпсатар әйел әлі де өз «бизнесімен» айналысады екен.

6 наурызға дейін жалғасатын «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы кезінде полицейлер құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында қоғамдық орындарды, жалға берілетін пәтерлерді, жеке үйлерді, сондай-ақ, көңіл көтеретін орындарды тексереді. Полиция мәліметтері бойынша, 2 мыңнан астам пәтерлер мен үйлер, сондай-ақ, жалға берілген 50 шақты пәтер тексерілген.

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған сурет

4 наурыз 2019, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.