Атырау, 19 сәуір 16:37
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қарттар үйіндегі қылмыс

Толықтырылды
4 111 просмотра


6 сәуірде Атыраудағы Қарттар үйінде ер адам жұбайына пышақ салған оқыс оқиға болды.

- Кеудесінен жарақат алған әйел облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Оған 4 сағат бойы ота жасалды. Қазір әйелдің жағдайы тұрақты ауыр күйде, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция департаментінде күдіктінің ұсталғанын, ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

«АЖ»-ға жарияланғаннан кейін редакцияға Қарттар үйінің басшысы Қилымқас КҮЗЕМБАЕВА хабарласып, бұл оқиғаның мекеменің өзінде емес, жақын маңдағы ательеде болғанын хабарлады:

- Зардап шегуші біздің мекемеде жұмыс жасайды. Жараланған соң куәгерлердің көмегімен жұмыс орнына жетіп, оны сол жерден жедел жәрдем алып кетті. Сол кезде біреу камераға түсіріп алып, әлеуметтік желіге шығарып жіберген. Біздің мекеменің болған оқиғаға еш қатысы жоқ.

Ал полициядағылар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сілтеп, егжей-тегжейін айтудан бас тартты.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» оқырмандары жолдаған сурет

8 сәуір 2019, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.