Атырау, 5 желтоқсан 11:33
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда түнгі қарақшылар ұсталды

4 165 рет қаралды


14 ақпанға қараған түні 102 пультіне Атырау қаласы Азаттық даңғылында тұратын әйел қоңырау шалып, пәтеріне кірген төрт бейтаныс еркек пышақпен қорқытып, телефоны мен бар ақшасын алып кеткенін хабарлады.

Оқиға болған жерге жедел тергеу тобы жеткенде жәбірленуші әйел күдіктілер мініп келген көліктің маркасын айтты. Осы ақпарат бойынша жеке құрамға бағдар беріліп, күдіктілер көп ұзамай ұсталды. 

- Төртеуі де уақытша ұстау орнына қамалды,-дейді ІІД баспасөз тобының жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева. - ҚР ҚК 192-бабы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 


19 ақпан 2019, 19:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.