Атырау, 21 желтоқсан 23:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

«Авангардтағы атқыштың» ісі сотқа жетті Атырауда

«Авангардтағы атқыштың» ісі сотқа жетті

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Авангардтағы атқыш» Бауыржан ҚАРАҒА қатысты іс түсті. Негізгі сот отырысы 5 қыркүйекке белгіленген. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 6-бөлігінің 1- және 2-тармақтары («Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған екі немесе одан да көп адамды өлтіру») бойынша қаралады. 23 тамыз 2022, 12:34 1 148 рет қаралды
Таубаевтың апелляциясы бойынша сот отырысы: сотталушы да, оның адвокаттары да келмеді Таубаевтың ісі

Таубаевтың апелляциясы бойынша сот отырысы: сотталушы да, оның адвокаттары да келмеді

Бүгін, 23 тамызда Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары, колония-қонысқа 10 жылға сотталған Нұрлан ТАУБАЕВ тағы да сот залына келмеді. Кеше, 22 тамызда отырыс түскі үзіліске дейін ғана жалғасып, түстен кейін Таубаевтың келмеуіне байланысты өтпеді. 23 тамыз 2022, 16:11 1 767 рет қаралды
Сот Таубаевты тергеу изоляторынан үйқамаққа шығармады Таубаевтың ісі

Сот Таубаевты тергеу изоляторынан үйқамаққа шығармады

Бүгін, 23 тамызда түскі үзілістен кейін судьялар алқасы Нұрлан Таубаевтың бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш бойынша шешімін жариялады: өтініш қанағаттандырылмады. 23 тамыз 2022, 16:36 1 506 рет қаралды
Қалалар "сайысы": ең нашар ауа қай жерде Атырауда

Қалалар "сайысы": ең нашар ауа қай жерде

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар ЖОЛДАСОВ ауаның ластану деңгейі жоғары 9 қаланы атады. Бұлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Оның айтуынша, Ақтөбе мен Атыраудағы жоғары ластану деңгейіне кәріздік-тазарту құрылыстарының ескіруі себеп. 23 тамыз 2022, 22:05 1 464 рет қаралды
Алматыда атыраулық сарбаздың соты басталады Атырауда

Алматыда атыраулық сарбаздың соты басталады

23 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімге шақырту алған 18 жастағы ақтаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот ісі Алматы гарнизоны әскери сотында басталады. 22 тамыз 2022, 14:58 1 240 рет қаралды
Сарбаз теңіз шекарасын күзетуге бара жатқан жолда ажал құшты Атырауда

Сарбаз теңіз шекарасын күзетуге бара жатқан жолда ажал құшты

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 17 тамызда Исатай ауданында Атырау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды. Ол Каспий теңізінің жағасындағы "Жанбай" заставасында әскери борышын өтеп жүрді. Сол күні әріптестерімен бірге мемлекеттік шекараны күзету үшін кезекті тапсырма орындауға кетеді. Бірақ қызметтік көлік істен шығып, аптап ыстыққа тап болды. Сол сарбаздың денсаулығына әсер етті ме, сол жерде ажал құшты.  19 тамыз 2022, 09:46 1 730 рет қаралды
Республика бізге не салып береді: спорт нысаны, жол, мәдениет үйі және т.б. Атырауда

Республика бізге не салып береді: спорт нысаны, жол, мәдениет үйі және т.б.

Биыл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет есебінен Атырау облысында әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылысына 11 млрд 2 млн теңге қаражат бөлінді.  19 тамыз 2022, 15:45 1 155 рет қаралды
Жас вице-министр "Сасықсай" мен "Квадраттан" үлкен әсер алды Атырауда

Жас вице-министр "Сасықсай" мен "Квадраттан" үлкен әсер алды

Атырауға іссапармен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия СҮЛЕЙМЕНОВА келді. Бұл 32 жастағы вице-министрдің осы қызметтегі Атырауға табан тіреген алғашқы сапары. Сурет Бейнежазба 18 тамыз 2022, 15:04 1 310 рет қаралды
Малшылардың қажеттілігі үшін жер асты су ұңғымалары жабылмайды Атырауда

Малшылардың қажеттілігі үшін жер асты су ұңғымалары жабылмайды

Жылыой ауданында шаруа қожалығы иелері мен Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВТЫҢ қатысуымен жиын өтті. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ та қатысты. Жиын барысында ол Жылыой ауданындағы жерасты су ұңғымалары (фонтан) жабылмайтынын айтты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 17 тамыз 2022, 13:36 1 375 рет қаралды
​Таубаевтың апелляциялық соты: залда түсірілім болмайды Атырауда

​Таубаевтың апелляциялық соты: залда түсірілім болмайды

15 тамызда Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ апелляциялық шағымы бойынша сот процесі жалғасты. Сот алқасы Таубаевтың адвокаты Игорь ВРАНЧЕВТІҢ тергеу сотының 2020 жылғы 16 маусымдағы жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысын, техникалық құралдар журналын, ЖІШЖ (жедел-іздестіру шаралары жүйесі) жүргізу туралы қаулыны тіркеу журналын талап еткен өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.  16 тамыз 2022, 15:38 1 558 рет қаралды
Қызылбалықта суған кеткен баланың денесі табылды Атырауда

Қызылбалықта суған кеткен баланың денесі табылды

15 тамызда сағат 14.20-да қала маңындағы Қызылбалық ауылы аумағында Жайық өзенінен 14 тамызда суға кетіп қалған 7 жасар баланың денесі табылды. ТЖД хабарлауынша, ол жағада тұрған қайықтан құлап кеткен.  15 тамыз 2022, 16:27 1 147 рет қаралды
Полиция қызметкеріне «авангардтағы атқышта» мылтық бар екені ескертілді, бірақ ол құлағына ілмеді Атырауда

Полиция қызметкеріне «авангардтағы атқышта» мылтық бар екені ескертілді, бірақ ол құлағына ілмеді

Бүгін, 15 тамызда №2 қалалық сотта ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қ.Р.-ға үкім шықты.  Оған ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік») бойынша айып тағылды. Ал бұл атышулы «авангардтағы атқыштың» ісіне тікелей қатысты.  15 тамыз 2022, 16:44 1 660 рет қаралды
​Атыраудағы неке және ажырасу Қоғам

​Атыраудағы неке және ажырасу

Атырауда жыл басынан бері 1731 жұп шаңырақ көтерсе, 693-і ажырасуға арыз берген. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, ажырасудың себебі ретінде көбіне «мінезіміз келіспеді» деп көрсетеді. 12 тамыз 2022, 11:38 1 673 рет қаралды
Дизель отынын ұрлаған, бірақ «ұйымдасқан түрде» емес. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты ақталды Атырауда

Дизель отынын ұрлаған, бірақ «ұйымдасқан түрде» емес. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты ақталды

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте облыстық мәслихаттың Amanat партиясы атынан сайланған экс-депутаты Абзал-Сенбі Самаликовқа және тағы 18 адамға қатысты №2 қалалық соттың үкімін өзгертті. Атап айтқанда, апелляциялық сот Самаликов пен Мақат локомотив депосының есепшісі Ақмаржан Жұмашеваны ақтап шықты. 6 тамыз 2022, 01:24 2 133 рет қаралды
«Ескі базар» туралы бір ауыз сөз Атырауда

«Ескі базар» туралы бір ауыз сөз

Халық арасында «Ескі базар» атанған Атыраудың ескі бөлігіндегі «колхоз базары» қазір сауда орталығына айналған. Мақсаты былтыр тамыз айында өзгерді. Бірақ іс жүзінде бұл әр демалыс күндері ұсақ-түйек пен азық-түліктен бастап тауық, қоян және басқа да жануарларға дейін керек нәрсенің бәрін сатып алуға болатын нағыз базарға айналады. Сурет Бейнежазба 5 тамыз 2022, 16:25 2 414 рет қаралды
«Жүздеген миллион теңге шығынды «тиімсіз басқарылған» десе - бұл дұрыс емес» Атырауда

«Жүздеген миллион теңге шығынды «тиімсіз басқарылған» десе - бұл дұрыс емес»

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жиын өтіп, онда «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне сын-ескертпе жасалды. Жақында ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда ӘКК жұмысы қаралған еді. 4 тамыз 2022, 16:31 1 533 рет қаралды
Еңбек инспекторы үнсіздігін бір жарым миллион теңгеге бағалаған Атырауда

Еңбек инспекторы үнсіздігін бір жарым миллион теңгеге бағалаған

Атырау қаласының №2 соты Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторына ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша үкім шығарды.  4 тамыз 2022, 17:16 1 594 рет қаралды
Экологтар АМӨЗ бен басқа да кәсіпорындарды тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады Экология

Экологтар АМӨЗ бен басқа да кәсіпорындарды тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады

Атырау облысы Экология департаменті «Атырау Мұнай өңдеу зауыты», «АЛМЭКС плюс» және «Светланд-ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері секілді ірі кәсіпорындарға профилактикалық бақылау жүргізді. Атап айтқанда, «АМӨЗ» ЖШС-не 5 млн теңгеден астам айыппұл салды. Бұл туралы Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ брифингте мәлім етті. Сурет 4 тамыз 2022, 22:13 1 894 рет қаралды
Таубаевтың апелляциясы бойынша сот 15 тамызға шегерілді Таубаевтың ісі

Таубаевтың апелляциясы бойынша сот 15 тамызға шегерілді

Бүгін, 2 тамызда облыстық сотта колония-қоныста 10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ апелляциялық шағымын қараған алғашқы отырыс өтті. 2 тамыз 2022, 13:19 1 613 рет қаралды
Жеке балабақшалардың бәрі бірдей керемет емес Атырауда

Жеке балабақшалардың бәрі бірдей керемет емес

Биыл Атырауда екі жеке балабақша басшыларына ҚР ӘҚБтК-тің 409-бабының 3-тармағы («Білім беру ұйымы басшысының міндеттерін орындамауы, егер бұл оқу және тәрбие беру процесі кезінде білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса») бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін атқарушы Бердибек ТАИШЕВ хабарлады 29 шілде 2022, 13:40 1 060 рет қаралды
Бизнес грантын алу оңай емес, оны жұмыспен өтеу керек Атырауда

Бизнес грантын алу оңай емес, оны жұмыспен өтеу керек

Биыл бизнес үшін мемлекеттік грант бағдарламасына қатысуға 600-ге жуық өтініш берілген. Бұл туралы Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ мәлім етті. 29 шілде 2022, 15:07 1 198 рет қаралды
Тиімсіз жоспарлап, теріс жұмсайды Атырауда

Тиімсіз жоспарлап, теріс жұмсайды

Атырау облысында 19,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған. Бұл, негізінен, облыстық құрылыс басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы және ауыл шаруашылығы басқармасына қатысты. Мәселен, құрылыс басқармасы Атырау қаласындағы 11 мектептің асханаcын кеңейту жұмыстарын техникалық қадағалау қызметі болмағандықтан аяқтамай, 55 млн теңге бюджет қаржысын кері қайтарған. 29 шілде 2022, 17:40 2 031 рет қаралды
«Сергек» қала сыртындағы жолдарға орнатылады Атырауда

«Сергек» қала сыртындағы жолдарға орнатылады

Жыл басынан бері Атырау облысында 155 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 40 адам қаза тауып, 189 адам әр түрлі дене жарақатын алған (былтыр 126 жол-көлік оқиғасы болып, 25 адам қаза тапқан, 169 адам түрлі дене жарақатын алған).  28 шілде 2022, 14:33 1 184 рет қаралды
Экологтардың есебі: күкіртсутек, пайдаланылған газдар және айыппұлдар Атырауда

Экологтардың есебі: күкіртсутек, пайдаланылған газдар және айыппұлдар

Жыл басынан бері Атырау облысында жалпы сомасы 190 миллион теңгеге жуық экологиялық айыппұл салынды. Бұл туралы Экология департаменті басшысының м.а. Сырым ТІЛЕГЕНОВ брифингте мәлімдеді. 28 шілде 2022, 17:00 1 183 рет қаралды
Баланы ұрса, заңмен жазаланады Атырауда

Баланы ұрса, заңмен жазаланады

Жыл басынан бері Атырауда кәмелетке толмағандарға күш қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Үш іс қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды, қалған істер бойынша қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 28 шілде 2022, 17:10 1 574 рет қаралды
Көлік салығына немқұрайлы қарама Атырауда

Көлік салығына немқұрайлы қарама

Атырау облысы тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 355 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Нұрболат САРМАНОВ мәлім етті. 28 шілде 2022, 21:01 1 440 рет қаралды