Атырау, 23 желтоқсан 08:38
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау тұрғыны өз туысын тонады​

1 327 просмотра

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті Балауса ықшамауданында тұратын туысының үйіне қонаққа келіп, оның үйінен 30 000 АҚШ долларын тауып алып, соның 11 000 ұрлап кеткен. 

Ер адам үйде жүрген адамдардан сескеніп ақшалардың бәрін бірден алып кете алмай, 8 000 АҚШ долларын сол үйдің әжетханасына тығып, ал 3 000 АҚШ доллар ақшасын алып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен. Күдікті анықталып, ұсталды.

- Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188 бабы 3 бөлігі 1-тармағы ("Ірі мөлшерде жасалған ұрлық") бойынша тергелген іс сотқа жолданды, - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 тамыз 2022, 08:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.