Атырау, 19 сәуір 12:25
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сарбаз теңіз шекарасын күзетуге бара жатқан жолда ажал құшты

1 532 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 17 тамызда Исатай ауданында Атырау облысы бойынша ҰҚК шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды. Ол Каспий теңізінің жағасындағы "Жанбай" заставасында әскери борышын өтеп жүрді. Сол күні әріптестерімен бірге мемлекеттік шекараны күзету үшін кезекті тапсырма орындауға кетеді. Бірақ қызметтік көлік істен шығып, аптап ыстыққа тап болды. Сол сарбаздың денсаулығына әсер етті ме, сол жерде ажал құшты. 

Ол әскерге Ақтаудан шақырылған, биыл күзде үйіне қайту керек еді. Оқиғаны арнайы комиссия тексеріп жатыр. Сарбаздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін мәйітханаға жеткізілді. Ата-анасы Атырауға келді.

Айнұр САПАРОВА

19 тамыз 2022, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.