Атырау, 5 қазан 10:25
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Жүздеген миллион теңге шығынды «тиімсіз басқарылған» десе - бұл дұрыс емес»

1 370 просмотра

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жиын өтіп, онда «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қызметіне сын-ескертпе жасалды. Жақында ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияда ӘКК жұмысы қаралған еді.

Антикор «Атырау» ӘКК басшылығының оның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында әзірлеген ұсынымдарына құлақ аспағанына наразы.

- ӘКК-нің осал жері - оның «тұрақты» шығынға батуы болып отыр. Атап айтқанда, 2019 жылы шығын 718 млн 265 мың теңгені, 2020 жылы – 779 млн 891 мың теңгені, 2021 жылы – 1 млрд 55 млн 586 мың теңгені құрады, - деп атап өтті ведомствода. 

Антикордың пікірінше, мұның бірнеше себебі бар: тәуекелі жоғары жобаларға қаражат салу; салынған қаражатты қайтарудың әлсіз кепілдіктері бар сапалы емес шарттар; өнімділігі төмен жекелеген департаменттердің штат санының көптілігі, сондай-ақ функциялардың қайталануы; кадрларды іріктеуде ашықтықтың болмауы және тәртіптік жаза қолданылған кезде оларға сыйақы беру; функционалдық міндеттер жүктелмеген лауазымдардың болуы, мысалы, ӘКК Төрағасының кеңесшісі және т. б. 

- Егер бір азамат жылқыны немесе сиырды ұрласа, түрмеге қамалады. Ал мұнда жүздеген миллион теңгеге шығын келеді, ал оған ешкім жауап бермейді, бәрін «тиімсіз басқарылғанға» сілтейді. Бұл дұрыс емес, - дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Есқали САЛАМАТОВ

Өз кезегінде «Атырау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Данияр ТАХАНОВ аталған шығындар өзіне дейін пайда болғанын айтып, жақын арада осындай бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу үшін ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қабылданатынын жеткізді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 тамыз 2022, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.