Атырау, 29 наурыз 20:06
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Еңбек инспекторы үнсіздігін бір жарым миллион теңгеге бағалаған

1 417 просмотра

Атырау қаласының №2 соты Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының инспекторына ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігі («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша үкім шығарды. 

Істің желісі мынадай. Өткен жылдың 24 қарашасында өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру кезінде инспектор оқиға болған ЖШС директорының орынбасарын өзіне шақырып, тексеру қорытындысы бойынша ЖШС басшылығының кінәсін көрсетіп, қылмыстық іс қозғау үшін полицияға материалдар жіберетінін айтқан.

Бірақ «мәселені шешудің жолы бар, маған бір жарым миллион теңге бер» деген. ЖШС бастығының орынбасары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгініп, келесі күні инспектор ақшаны алып жатқан кезде жұмыс кабинетінде ұсталды.

Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен қатар, үш жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Айнұр САПАРОВА

4 тамыз 2022, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.