Атырау, 23 желтоқсан 13:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Таубаевтың апелляциясы бойынша сот 15 тамызға шегерілді

1 404 просмотра

Бүгін, 2 тамызда облыстық сотта колония-қоныста 10 жылға сотталған Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ апелляциялық шағымын қараған алғашқы отырыс өтті.

Бұрынғы үкіммен Таубаев қана емес, жазаны күшейтуді сұраған айыптаушы тарап та келіспей отыр.

Бірінші отырыста Атырау облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында Дина ТҰХФАТОВА, Бағила НҰРЖАНОВА және төраға Раиса АҚҚҰЛОВА тараптардың өтініштерін қарады.

Таубаевтың адвокаты Руслан САҒЫМБАЕВТЫҢ өткен сот отырысының аудио-бейне жазбаларымен танысуға уақыт беру туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот отырысы 15 тамызға қалдырылды.

Айнұр САПАРОВА

2 тамыз 2022, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.