Атырау, 24 сәуір 06:54
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Малшылардың қажеттілігі үшін жер асты су ұңғымалары жабылмайды

1 125 просмотра

Жылыой ауданында шаруа қожалығы иелері мен Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВТЫҢ қатысуымен жиын өтті. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек ҚАРАЖАНОВ та қатысты. Жиын барысында ол Жылыой ауданындағы жерасты су ұңғымалары (фонтан) жабылмайтынын айтты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ж.Қаражановтың айтуынша, ол гидрогеолог мамандардың тізімінде жабылуы тиіс 68 фонтанға өзі аяқтай барып, танысты. Бірақ, су ұңғымаларының жабылуына түбегейлі қарсы болып отырған жергілікті мал шаруашылығы иелерінің да пікірін ескерген жөн, өйткені мал суаратын су болмай қалады. Сондықтан бүгінде бұл мәселені сол күйінде қалдыру керек деп шешілді. 

Жиналған мал шаруагерлері су көздерін жаппау туралы шешім қабылданғанына ризашылық білдірді

Соңғы мәліметке сәйкес, ауданда 381 шаруа қожалығы бар. Оларда  25 923 бас мүйізді ірі қара, 100 614 бас қой-ешкі, 14 037 бас жылқы, 10 643 бас түйе малдары есепке алынған.

Еске салсақ, биыл мамырдың соңында Жантоқов Жылыой ауданындағы 60 гидрогеологиялық ұңғыманың жабылатыны туралы хабарлаған еді. 

– Әйтпесе, жер асты суларының қорын пайдасыз жұмсалу қаупі бар. Сонымен қатар, бұл ұңғымалар жер үсті және жер асты су көздерін фенолмен, радиоактивті және басқа да зиянды элементтермен ластап жатыр, - деді сонда Н.Жантоқов.

«Атыраугидрогеология» ЖШС директоры Нұргүл САБУРОВАНЫҢ айтуынша, Жылыой ауданында мұндай 170-ке жуық ұңғыма бар, олардың бір бөлігі сонау өткен ғасырдың 50-жылдарында, енді бірі кейінірек бұрғыланған. Өздігінен ағып жатқан бір ғана ұңғыма секундына жер бетіне 25 литр, яғни сағатына 90 мың литр ылғал бөледі. 

Айнұр САПАРОВА

17 тамыз 2022, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.