Атырау, 26 сәуір 08:44
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Биыл Жылыой ауданында 60 гидрогеологиялық ұңғыма жойылады

1 479 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникциялар қызметі Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан ЖАНТОҚОВҚА сілтеме жасап хабарлады.

- Атырау облысының басты өзекті  мәселелерінің бірі – Жылыой ауданы аумағындағы жоюды және тығындауды қажет ететін гидрогеологиялық ұңғымалар. Өйткені, жерасты сулары халық игілігіне пайдаланылмай, ысырапсыз босқа кетуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл ұңғымалар жерасты және жерүсті суларын фенолдармен, радиоактивті және улы элементтермен ластайды, - дейді Н. Жантоқов.

Оның ақпараты бойынша, 60 гидрогеологиялық ұңғыманы жою мақсатында өткен жылы жобалық-сметалық құжат жасақтау үшін республикалық бюджеттен 26,5 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінде ол әзір тұр. Ал биыл иесіз қалған 60 ұңғыманы тығындап, жабу жұмыстарын жүргізуге ҚР Қаржы министрлігіне 465 млн теңге  қаржы бөлуге өтінім жолданды. «АЖ» бұл проблема туралы жазған еді.  

«Атыраугидрогеология» ЖШС директоры Нұргүл САБУРОВАНЫҢ мәліметінше, Жылыой ауданында 170-ке жуық осындай ұңғыма бар. Олардың бір бөлігі өткен ғасырдың 50-жылдарында, енді бірі кейінірек бұрғыланған. Өздігінен ағып жатқан бір ғана ұңғыма секундына жер бетіне 25 литр, яғни сағатына 90 мың литр ылғал шығарады.

– Жылыой әкімдігінің мәліметінше, ұңғымалардың бір бөлігін – шамамен 50-60-ын жергілікті шаруа қожалықтары пайдаланады. Бірақ Су кодексіне сәйкес, бұл ұңғымаларды да кран режиміне көшіру керек. Яғни, қажет болған жағдайда кранды ашып, суды қолданып, содан кейін жабу керек. Қазіргі уақытта өңіріміздегі су ресурстарының стратегиялық қоры еш пайда әкелмей жай ғана ағып жатыр, - деді Сабурова «АЖ» тілшісіне.

Оңтүстік Ембі бассейнінің сулары Ақтөбе облысының Мұғалжар тауларынан бастау алады. Бұл жерде Жаңасу, Бали, Тұғарақшан, Сарыбұлақ кен орындары барланған. Олардың жалпы қоры 1982-1985 жылдардағы зерттеулер бойынша тәулігіне 172 мың текше метрді құрайды: Жаңас бойынша 119 мың, Тұғарақшан бойынша 43 мың, Бали бойынша 8640, Сарбұлақ бойынша 1550. Бұл кен орындарының сулы қабаты тереңде жатыр - жер астында 300-700 метрдей.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

1 маусым 2022, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.