Атырау, 5 желтоқсан 08:04
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Индерборда балалар өрттен қаза тапты, ата-анасының жағдайы ауыр

Сурет
1 410 рет қаралды

2024 жылғы 25 сәуірде сағат 05:37 минутта Индер ауданы Индербор кенті Махамбет көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде аталған мекен-жайдағы 5 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатында орналасқан пәтердің толықтай жанып кеткенін анықтады.

Үйдің жатын бөлмесінен 2014 ж.т. және 2017 ж.т. балалардың өлі денелері табылды. 1995 ж.т. анасы мен 1994 ж.т. әкесі ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілді.

Қазіргі уақытта әйел адамның жағдайы аса ауыр жағдайда, денесін 90-95 пайыз күйік шалғаны белгілі. Ол Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне санавиация арқылы жеткізілді.

Өрт сағат 06:02-де  оқшауланып, сағат 06:10-да  толықтай жойылды.

Өрттің шығу себебін анықтау мақсатында Атырау қаласынан өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жасауда.

Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 31 жастағы күдікті УҰИ-на қамауға алынды. 

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 сәуір 2024, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.