Атырау, 5 мамыр 04:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тоқаев бірқатар қазақстандықты марапаттады

335 просмотра
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы бірқатар қазақстандықтарды ордендермен және медальдармен марапаттады.

Бұл туралы 25 сәуірде Ақорда хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:

  • ІІ дәрежелі "Достық" орденімен - Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна;
  • "Ел бірлігі" орденімен

- "Қазақстан украиндарының радасы" бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич,

- Мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович,

- "Дустлик" Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович;

  • "Ерен еңбегі үшін" медалімен

- Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич,

- Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна;

  • "Шапағат" медалімен

- Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович,

- Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич,

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич,

- Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна,

- Қарағанды облысындағы "Ассамблея жастары" өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич,

- Жетісу облысы "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна.

25 сәуір, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.