
Абай облысының Семей қаласында 30 қазанда қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, өз-өзін өртеу әрекетімен байланысты болуы мүмкін оқиғадан кейін ер адам көз жұмған. Оның қайтыс болғанын полиция растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Объектив Восток» басылымының ақпаратына сәйкес, оқиға 30 қазан күні кешке болған. Әлеуметтік желілерде ер адамның өз-өзін өртегені туралы хабарламалар тарай бастады.
Абай облысының Полиция департаменті адамның қайтыс болғанын растады. Алайда оқиғаның мән-жайы әзірге анықталып жатқанын атап өтті.
«30 қазан күні сағат 17:00 шамасында Семей қаласында ер адам болжам бойынша өз-өзін өртеп, қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары әзірге марқұмның жеке басы мен жасын, сондай-ақ оқиға болған нақты орынды жариялаған жоқ.
В Атырау +3.8