Атырау, 5 мамыр 05:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Жастар Ассамблея маңына жұмылады деп ойлаймыз»: Хашимжанов ҚХА сессиясы жайлы

254 просмотра
Фото: спикердің жеке архивінен

«Дустлик» өзбек этномәдени орталығы қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов ҚХА сессиясы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы ерекше форматта өтті. Көпшіліктің көңілінен шыға білді. Себебі, бүгінде бюджетті үнемдеу әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген дүние. Мемлекет басшысы да қазіргі сын-қатер кезінде жастар көп көмек бергенін жеткізді. Волонтерларға алғыс айтты. Сессияға жастар көп қатысты»,- дейді Хашимжанов.

Оның айтуынша, ҚХА құрамындағы елге еңбек еткен азаматтарды орден және медальдармен марапаттады.

«Бұл да мотивацияның бір түрі. Болашақта жастар Ассамблея қатарына қосылып, жұмылады деген ойдамыз. Президент өз баяндамасында мемлекеттік тіл жайлы да айтты. Бүгінде ол интеграцияланып жатыр. Тәуелсіз елдердегі орыс тілінің қажеттілігі жайлы да айтылды. Ал жастар өз тілімен қатар ресми тілді, ағылшын тілін меңгерсе, бәсекеге қабілетті болады деп ойлаймыз»,- деді ол.

Ол Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтар назарсыз қалмайтынын, оларға көмек міндетті түрде көрсетілетінін баса айтқаны да көңілден шықты дейді. 

«Сессия жоғары деңгейде өткеніне куә болдық. ҚХА мүшелері де атқарылған жұмыс пен бірігіп жасаған істер жайлы айтып берді. Осындай кездері бір шаңырақ астында топтасқан ҚХА мүшелері де Президент ризашылығына ие болды. Себебі олар да су тасқыны кезінде қарап қалмады, қол ұшын созып көмектесті»,- дейді Икрам Хашимжанов.
25 сәуір, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.