Атырау, 25 сәуір 02:17
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Полиция қызметкеріне «авангардтағы атқышта» мылтық бар екені ескертілді, бірақ ол құлағына ілмеді

1 477 просмотра

Бүгін, 15 тамызда №2 қалалық сотта ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қ.Р.-ға үкім шықты.  Оған ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік») бойынша айып тағылды. Ал бұл атышулы «авангардтағы атқыштың» ісіне тікелей қатысты. 

Белгілі болғандай, 15 наурыз күні кешкі сағат 22.00 шамасында Атыраудағы «Авангард» соңғы аялдамасының маңында Құрманғазы көшесінің бойндағы №1 көпқабатты тұрғын үйдің жанында оқ атылды. Шабуылшы тапаншамен үш ер адамды атып, төртіншісін ауыр жаралады. Жақында кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс сотқа түсу керек, бұл туралы бөлек хабарлаймыз. 

Дәл сол «авангардтағы атқыш» Бауыржан ҚАРА өткен жылдың қазан айынан бері Нұрсая ықшамауданында 32 жастағы әйелмен бірге Атырауда тұрды. 15 наурызда ол серіктесімен бірге Нұрсаядағы полиция бөлімшесіне шақыртылып, сол жерде бұрынғы күйеуі мен оның туыстарымен кездескен. Бұрынғы күйеуі полицияға 14 наурыз күні Бауыржан Қара оның 4-сыныпта оқитын ұлын ұрып-соққаны туралы арыз жазған. Полиция бөлімшесінде арызданушы мен оның кәмелетке толмаған ұлы Қараның үйінде патрондары бар тапанша сақтаулы тұрғанын айтты. Алайда учаскелік полиция инспекторы Қ.Р. бұл ақпаратты елемей, ешқандай әрекет жасамады.

«Нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан айыпталушы заңсыз қару сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылмайтынын түсініп, сол күні сағат 22.30 шамасында Авангард-3 ықшамауданында азаматтарға оқ атқан. Кесірінен К., З. және И. оқиға орнында қайтыс болды, ал Н. ауыр дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді (осы факті бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалды, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде)», - деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі. 

Прокурор сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы тағылған айыппен келіспей, оны ақтауды сұрады.

Сот К.Р. құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар, ол «полиция капитаны» атағынан айырылды.

Сот үкімді былай деп түсіндірді: «Сот К.Р.-ның асырауында жас балалардың болуын оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ал, сотталушының берген антын бұзғаны  - жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Айнұр САПАРОВА

15 тамыз 2022, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.