Атырау, 5 қазан 12:24
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Сергек» қала сыртындағы жолдарға орнатылады

1 047 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында 155 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 40 адам қаза тауып, 189 адам әр түрлі дене жарақатын алған (былтыр 126 жол-көлік оқиғасы болып, 25 адам қаза тапқан, 169 адам түрлі дене жарақатын алған)

Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Аманжол ЖҰМАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жол-көлік оқиғаларына негізінен көлік құралының жылдамдығын шамадан тыс арттыру себеп болады.

Атырау қаласы аумағында 2020 жылы 2748 дана «Сергек» бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Ал олардың санын тек облыс орталығынан тыс жерде де көбейту жоспарда бар.

- «Сергек» құрылғыларын республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық маңызы бар Атырау-Индер, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолдарына арақашықтығын жиілетіп орнату жұмыстары пысықталды. Құрылғыларды жақын арада қала сыртындағы тас жолдарға бірінші кезекте орнату үшін тапсырма берілді, себебі қала сыртындағы тас жолдарда адам өліміне себепші болған жол-көлік оқиғалары жиілеген, - дейді А.Жұмалиев.

Айнұр САПАРОВА

28 шілде 2022, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.