Атырау, 3 мамыр 00:35
 ашықВ Атырау +19
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Тиімсіз жоспарлап, теріс жұмсайды

1 806 просмотра

Атырау облысында 19,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған. Бұл, негізінен, облыстық құрылыс басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен ауыл шаруашылығы басқармасына қатысты. Мәселен, құрылыс басқармасы Атырау қаласындағы 11 мектептің асханаcын кеңейту жұмыстарын техникалық қадағалау қызметі болмағандықтан аяқтамай, 55 млн теңге бюджет қаржысын кері қайтарған.

Осы жыл басынан бері Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы 27 мемлекеттік мекемеде және 10 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде аудиторлық тексеру жүргізген.

- ҚР заңнамасы нормаларының сақталмауына байланысты анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 20 млрд 373 млн 932 мың теңгені құрады. Оның ішінде 100 млн 777 мың теңге (0,5%) көлемінде қаржылық бұзушылықтар, 716 млн 944 мың теңге бюджет қаражаты (3,5%) тиімсіз пайдаланылған, 19 млрд 556 млн 210 мың теңге (96,0%) бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған, - дейді тексеру комиссиясы төрағасының уақытша м.а. Аслан ҚҰМАРОВ.

Жүргізілген аудит нәтижесі бойынша 67 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 19 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 2 млн 215 мың теңге айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

29 шілде 2022, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.