Атырау, 3 мамыр 07:19
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Алматыда атыраулық сарбаздың соты басталады

944 просмотра

23 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар ауылында орналасқан әскери бөлімге шақырту алған 18 жастағы ақтаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты сот ісі Алматы гарнизоны әскери сотында басталады.

Ол 22 сәуірде таңертең сапта тұрғанда кенеттен есінен танып қалған. Сол есін жимастан Отардағы әскери ауруханада көз жұмған. 18 жастағы атыраулық сарбаз Айболат АМАНЖОЛОВТЫ оның өліміне күдікті деп есептейді. Қазір ол Алматыдағы тергеу изоляторында және ертең айып орындығына отырады. ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 4-бөлігі бойынша бойынша («Адам өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу») қылмыстық іс сотқа түскен еді.

Екі сарбаз да әскерге 13 сәуірде шақырылып, әскери бөлімге 18 сәуір күні жеткен. Олар әскери ант қабылдап та үлгермеген. Сот ісіне судья Қанат ЕСТАЙ төрағалық етеді. Айболат Аманжоловтың құқын адвокат Сержан ПРАЛИЕВ қорғайды. Бұдан бөлек, сотқа айыпталушы Айболат Аманжоловтың анасы Айнұр ТӨЛЕМІСОВА, әкесі Азамат ЖҰМАҒАЗИЕВ және әжесі Атыраудан келіп қатысады.

Айнұр САПАРОВА

22 тамыз 2022, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.