Атырау, 3 мамыр 04:01
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қалалар "сайысы": ең нашар ауа қай жерде

1 244 просмотра

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар ЖОЛДАСОВ ауаның ластану деңгейі жоғары 9 қаланы атады. Бұлар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары. Оның айтуынша, Ақтөбе мен Атыраудағы жоғары ластану деңгейіне кәріздік-тазарту құрылыстарының ескіруі себеп.

Күкіртсутек бойынша Атырауда жоғары ластанудың 43 жағдайы тіркелді, оның негізгі көздері «Сасықсай», «Квадрат» булану алаңдары және АМӨЗ. З.Жолдасовтың айтуынша, аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, зауытқа 6 млн теңге айыппұл салынды.

Атыраудың экологиялық ахуалын жақсарту үшін «Жол картасы» бекітіліп, оны жүзеге асыруға 40-қа жуық іс-шара жұмылдырылған. Бүгінде олар 10 мыңнан астам ағаш отырғызды, жалпы 3,5 мың гектардан астам аумаққа ағаштар отырғызылады.

АМӨЗ «Сасықсайды» рекультивациялауды бастады, оны аяқтау келесі жылдың қарашасына жоспарланған. Ал 2024 жылы «Квадрат» булану алаңын рекультивациялау аяқталады.

Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылғыларының құрылысы аяқталды, нысан осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Оң жағалаудағы 90 пайызға тозығы жеткен кәріздік тазарту құрылыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

23 тамыз 2022, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.