Атырау, 22 желтоқсан 00:47
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жақсылық жасауға асығыңыздар

1 114 рет қаралды

16 тамызда Атырауда «Asarume» қорының қайырымдылық акциясы аясында «Asarjoly» қайырымдылық форумы өтуде.

Форум театрландырылған қойылыммен басталды. Ал басты шара бүгін сағат 19.00-де М.Өтемісов атындағы облыстық драма театрында басталатын тегін қайырымдылық концерті болмақ.

«Асаруме» қайырымдылық қорының қызметкерлері 30 күнде 4000 шақырым жол жүріп өтті. Солардың арқасында қомақты қаржы жиналып, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе және Орал қалаларында 13 отбасына үй берілді. Ал 7 отбасына коммерциялық жобаларын жүзеге асыруға көмек көрсетілді.

Форум барысында жоба авторлары өз жазылушыларымен кездесу ұйымдастырды. Форумды өткізуге еріктілер, спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, бизнесмендер көмектесіп жатыр. 

Айнұр САПАРОВА

16 тамыз 2022, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.