Атырау, 3 мамыр 06:10
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«Авангардтағы атқыштың» ісі сотқа жетті

1 012 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына «Авангардтағы атқыш» Бауыржан ҚАРАҒА қатысты іс түсті. Негізгі сот отырысы 5 қыркүйекке белгіленген. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 6-бөлігінің 1- және 2-тармақтары («Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған екі немесе одан да көп адамды өлтіру») бойынша қаралады.

Еске салсақ, 15 наурыз күні сағат 22:00 шамасында Атырауда Авангардтың соңғы аялдамасы маңында Құрманғазы көшесінің бойындағы №1 көпқабатты тұрғын үйдің жанында атыс болды. Шабуылшы тапаншамен үш ер адамды атып, төртіншісін ауыр жаралаған еді.

Айнұр САПАРОВА

23 тамыз 2022, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.