Атырау, 5 қазан 12:32
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Экологтардың есебі: күкіртсутек, пайдаланылған газдар және айыппұлдар

1 044 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында жалпы сомасы 190 миллион теңгеге жуық экологиялық айыппұл салынды. Бұл туралы Экология департаменті басшысының м.а. Сырым ТІЛЕГЕНОВ брифингте мәлімдеді.

ҚР экологиялық заңнамасын сақтау бойынша 57 тексеру жүргізіліп, заңнама талаптарын бұзған 131 жағдай анықталды. Бұдан басқа, экология департаменті құқыққорғаушылармен бірігіп, автокөліктерге рейдтік шара жүргізген. 13 көліктен пайдаланылған газ сынамалары алынды. 9 көліктен шекті рұқсат етілген концентрация нормативтерінің асуы анықталған. Көлік иелеріне бірінші мәрте ескерту берілді.

Бұдан басқа, С.Тілегеновтің айтуынша, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының автомат станциясының және «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметі бойынша Атырау қаласы мен Мақат ауданында атмосфералық ауаның күкіртсутекпен жоғары ластанған 43 жағдайы тіркелген. Мақат ауданы бойынша жоғары ластанудың 28 жағдайы тіркелді, оның 65%-ы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытында және сұйық технологиялық қалдықтарды орналастыру алаңдарының үлесінде.

С.Тілегеновтің айтуынша, Атырау облысының әкімдігі ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, 2020-2024 жылдарға арналған "Жол картасының" 7 бағыты: атмосфераға ластаушы заттар эмиссиясын қысқарту; көгалдандыру; қалдықтарды басқару саласы; су ресурстарын реттеу; автокөлік шығарындыларын реттеу; жер ресурстарын қорғау; экологиялық мәдениетті арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. 

Айнұр САПАРОВА

28 шілде 2022, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.