Атырау, 2 мамыр 19:29
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Көлік салығына немқұрайлы қарама

1 202 просмотра

Атырау облысы тұрғындарының көлік салығы бойынша берешегі 355 миллион теңгеге жеткен. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Нұрболат САРМАНОВ мәлім етті.

Берешектің басым бөлігі облыс орталығында тіркелген - 278 млн теңге. Екінші орында - Жылыой ауданы (37 млн), үшінші орында -Құрманғазы ауданы (16,5 млн).

- Көлік салығы айлық есептік көрсеткіш негізінде есептелетіндіктен, жыл сайын АЕК-пен бірге өсіп отырады. Оның үстіне, жеңіл автокөлік 2013 жылдың 31 желтоқсанынан кейін құрастырылса немесе осы уақыттан кейін Қазақстан аумағында тіркелген болса, онда салық көлемі тіптен ұлғаяды. Мысалы, 3000-3200 текше сантиметр – 35 АЕК, 3200-3500 текше сантиметр – 46 АЕК, 3500-4000 текше сантиметр – 66 АЕК, 4000-5000 текше сантиметр – 130 АЕК және 5000 текше сантиметрден жоғары – 200 АЕК деп белгіленген, - деді Н.Сарманов.

Оның айтуынша, көптеген көлік иелері салық берешегі бойынша олар үшін соншалықты қауіп төндіретін ештеңе жоқ деп есептейді. Бекер. Қарыз 1 АЕК-тен асқаннан кейін бірден салық органдары оған бұл туралы хабарлайды және оған өз еркімен мемлекетпен есеп айырысу үшін 30 күн беріледі. Егер бұл орындалмаған болса, олар салық бойынша бұйрық шығарады да, құжатты сот орындаушысына жолдайды.

Ал бұл борышкерге ҚР-дан тысқары шығуға тыйым сала алады (егер қарыз 20 АЕК-тен жоғары болса) немесе тіпті мүлкін саттыққа шығара алады. Сонымен қатар, барлық борышкерлерге (заңды және жеке тұлғаларға) екінші деңгейлі банктерде шот ашудан бас тартылады. Салық пен өсімпұлды өтеп, сондай-ақ сот орындаушысының жұмысына ақы төлеу арқылы ғана шектеулерді алып тастауға болады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

28 шілде 2022, 21:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.