Атырау, 10 ақпан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Су құбыры қатып тұр

– Махамбет көшесінің жұп қапталында тұратын үйлерде қыстағы аяз күндерінде салқын судың тоқтап қалуы екі жыл қатарынан орын алып келеді. Оған орталық су құбырының қатып қалуы себеп. «Атырау Су Арнасы» КМК диспетчерлік қызметіне шағымданудан ештеңе шықпайды. Сонда бізге енді не істеу керек? 21 наурыз 2012, 13:55 2 267 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жатақханадағылар жаңа үйге көшеді

– Біз Огородная көшесіндегі 1976 жылы салынған №8 жатақханада тұрамыз. Бүгінгі таңда ол жерде 30 отбасы тұрып жатыр. 2009 жылы бізге бұл ғимараттың апатты жағдайда екендігін және оның тұрғындарын көшіретіндігі туралы хабарлап, құжаттарды жинастыруға кеңес берген болатын. Кейін біздің көшірілмейтіндігіміз анықталды, сөйтсек, бізге қателесіп хабарлаған болып шықты. Алайда, ешқандай тұрмыстық жағдайы жоқ бұл ғимаратта тұру мүлдем мүмкін емес. 21 наурыз 2012, 13:56 2 014 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келісім-шартсыз қатынас

– ПИК-пен арадағы келісім–шарт қашанға дейін ұзартылуы тиіс. Өткен жылы мен «Мұхамбет» ПИК қызметі үшін төлейін деп барғанымда, оның жабылып қалғандығы белгілі болды. Мұндай жағдайда төленген төлемдерге қайта есептеу  жүргізілуі керек еді. Мен тұратын үйдің подъезі сирек жиналады, қоқыстар барлық қабатта үйіліп тұрады. ПИК-де маған қоқыстар тек 3-ші қабатқа дейін ғана жиналатындығын  айтты, мен болсам, 5-ші қабатта тұрамын... 21 наурыз 2012, 13:00 2 924 рет қаралды
Кезекке тұрыңдар, бөбектер Сұрақ-жауап

Кезекке тұрыңдар, бөбектер

- Менің қызым қазір 2 жаста. Біз қалалық білім бөліміне балабақшаға орналасу үшін кезекке тіркелгеніміз жоқ. Ал жекеменшік балабақшаға бару қымбатқа соғады.  Осыған орай, көкейде жүрген көп сұрақтарға жауап алғым келеді: бүгінгі күні балабақша кезегіне тіркелген балалардың саны қанша екен? Қалалық білім бөліміне қарасты балабақшалар саны қанша? 14 наурыз 2012, 17:59 3 098 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өтелген қарыздың қайтарымы жоқ

- Мен «Альянс Банк» 2006 жылы және 2007 жылы ақшалай қарыз алып, қарызынан құтылған адамдарға артық төленген ақшаларын кезінде өтеген борышы дұрыс есептелмей қалған деп артығын кері қайтарып жатыр деп естідім. Біз қарызды осы банктен 2006 жылы алып, одан құтылдық.  Енді  біз де сол ақшадан үмітті бола аламыз ба? 14 наурыз 2012, 18:06 2 299 рет қаралды
Жолаушылар өтемақы алуға құқылы Сұрақ-жауап

Жолаушылар өтемақы алуға құқылы

– Бірер апта бұрын Астанадан Атырауға ұшатын ұшақтың ұшу мерзімі кешіктірілді. Әуе компаниясының қызметкерлері ұшуға жарты сағат қалғанда рейстің кідіретінін хабарлаумен ғана шектелді. Сол уақыт ішінде осындай жағдай орын алғанда тиесілі ішіп-жейтін тағамдар ұсынған жоқ. Сол күні кешке Астанадан көп рейстерді кідіртті. Олар бұған «ұшақтың кешігіп жетуіне байланысты» деген ресми себеп  айтады. Әуе тасымалдаушыда ұшуды кешіктіргені үшін жолаушылар алдында қандай да болмасын жауапкершілік бола ма? 14 наурыз 2012, 18:08 2 201 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лас қарды өзенге лақтырмаңыз!

- Жұмысыма (орталық көпір арқылы) жаяу барып келемін. Тазалаушылардың май сіңген лас қарларды көпірдің екі жағындағы жағалау мен мұзға лақтырып тастағанына көзім түсті. Осыған қатысты қалалық әкімдіктің диспетчеріне қоңырау шалып, қала тазалығына жауап беретін әкім орынбасарының қабылдауына кіргім келген. Бірақ онымнан түк шықпады, бәрі анағұрлым маңызды басқа жұмыстармен қолдары бос болмай шықты. Содан соң облыстық СЭС қызметінің бас дәрігеріне қоңырау соқтым. Ол мені мақтап, «кешікпей нәтижесін көресіз» деп уәде берді. Бірақ бір апта өтті, бәрі сол күйінде... 7 наурыз 2012, 18:32 2 186 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дәрі де, бәрі де жеткілікті

- «Протаргол» тамшысын маған дәрігер үнемі тағайындайтын, ол қымбат емес әрі әсері де жақсы. Бірақ қазір тағайындамайтын болды. Неліктен? Егер оны қолданыстан алып тастамаған болса және учаскелік дәрігер тағайындаудан бас тартса, оны қалай алуға болады? (Дәрмек дәріханаларда тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана беріледі). 7 наурыз 2012, 19:37 2 202 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сот тәртібімен шешіледі

Біздің асырап алған сәбиіміз басқа облыста дүниеге келген, бұл туралы туу туралы куәлікте жазылған. Жұбайым екеуміз мұның болашақта сәби неліктен біз бұрын-соңды болып көрмеген қалада туылды деген қажетсіз сұрақтар туғызуы мүмкін деп қауіптенеміз. Біз куәліктегі жазуды ауыстырғымыз келеді? Мұны қалай жасауға болады? 7 наурыз 2012, 18:40 1 929 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Табыс туралы анықтама керек

- Әкемнің зейнеткерлікке шығуына үш жыл қалды, ол КМК-да жұмыс жасаған еді. Қазір одан кетіп қалып, өз ісін ашты. Оған мемлекет кепілдігі тиесілі ме? Кейбіреулер оған міндетті түрде зейнеткерлікке шыққанша мемлекеттік кәсіпорында жұмыс істеуі керек деседі. 7 наурыз 2012, 18:42 5 387 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұралықтың машақаты

- Жекешелендіру келісім-шартында үш баланың екеуі, әке-шешем көрсетілген. Анам 1995 жылы қайтыс болды, бірақ оны ешкім де жазбаған, қалай болғанда да ол әкемнің есінде жоқ. Қазір келісім-шартта жазылмаған үлкен әпкеміз онымен бірге тұрып, бағып-қағып отыр. Біз пәтерді соның атына рәсімдеп, өз үлестерімізден бас тартқымыз келеді. Бірақ әкеміз кейде тосын әрекеттерге баратын жан болғандықтан, не істеу керектігімізді білмей отырмыз. 7 наурыз 2012, 18:43 2 168 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Маскүнемдікке дауа бар

- Мұны мойындау оңай емес, бірақ мен маскүнеммін. Соңғы кездері жағдайым нашарлап бара жатыр: әбден жүдеп кеттім, ағзам тамақты қабылдамайды. Арақ ішкен кезде аздап жеңілдеп қаламын. Бірақ наркологиялық диспансерге барып, емделуге ұятым жібермейді. Мамандарды үйге шақыра аламын ба? 29 ақпан 2012, 20:06 2 303 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Өткізбейтін өтпе жол

–Политехникалық колледждің жанында орналасқан теміржол өтпесінде үнемі көлік кептелісі болады. Бар болғаны екі көлік жолағы сыятын көпір астындағы енсіз жол арқылы қала Ақжар, Ақсай селолық округтерімен, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарымен, Қарабатандағы алып құрылыспен және Маңғыстау облысымен байланысқан. Білетін адамдар өтпе астында тағы екі көлік қозғалысының жолағын өткізуге мүмкіндік беретін кеңістік бар деседі. Қазір осы мәселе  қолға алыныпты. Бұл нұсқа көлік ағынын көбейту үшін қарастырылған ба? 29 ақпан 2012, 20:07 2 404 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салымның құпия сыры

–«Халықтық - зейнетақылық» банк салымының келісім-шартына сәйкес банк жыл сайын 10,6% сыйақы аударуы тиіс еді. Ал банк тек 9% ғана аударып отырды. Осылайша, банк клиентке, яғни, маған хабардар етпей, өз міндеттемесін бұзып отыр. Банктің салым бойынша жылдық мөлшерлемені өзгертуге қандай негізі болған? 29 ақпан 2012, 20:08 2 227 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Айыппұл төлеуге тура келеді

– 2011 жылдың наурызында жер учаскесін алып, барлық құжаттарын рәсімдедім. Оларды тіркеуге тапсырайын деп барғанда, әкімнің жер беру туралы шешімін де халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеу керек деді. Бұл құжатты уақытында тіркемеу әкімшілік құқық бұзушылық боп табылады және 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұлмен жазаланады екен. Бұл не қылған норма? Жер алушыларға неліктен бұл құжатты тіркеу қажеттігі туралы алдын ала ескертпейді? 29 ақпан 2012, 20:09 2 292 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлікті келісім-шартпен сатыңыз

–2004 жылы алушыға бас сенімхатты рәсімдеп, көлігімді сатқан едім. Машинам басқа қалада, қазіргі қожайынмен еш байланысым жоқ. Сенімхат мерзімі баяғыда өтіп кетті, бірақ көлік әлі менің атымда болғандықтан, көлік салығын төлеп келемін. Бұл көлікті есептен қалай шығаруға болады? 15 ақпан 2012, 20:13 2 750 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қам көңілді қуантатын кештер аз

Мен мүгедек баламды бір өзім тәрбиелеп отырмын. Біздер мүгедектік және мүгедек балаға күтім жасаушы аналары үшін берілетін жәрдемақыны алып отырмыз. Жақында мен заңдардың бірінен бұл жәрдемақылардан басқа ай сайын  коммуналдық қызмет шығындарының төлемін, отын, тұрғын үйді ұстау үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны және 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқылы екендігімізді білдім. Сондай-ақ, тағы да мен мүгедектердің мемлекеттік жәрдемақылардан басқа оған қосымша жергілікті бюджеттен: тұтыну бағасы индексінің өсуіне сәйкес мемлекеттік арнаулы жәрдемақыға үстеме; өзгенің көмегіне мұқтаж жалғызбасты мүгедектерді күту үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қосымша үстемелер; шипажай-курорттық емдеу жеңілдіктері берілетіндігін білдім. Осы аталған жәрдемақылардың қайсысы төленеді, соны білгім келеді? 9 ақпан 2012, 18:35 2 202 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Аналар үшін жәрдемақы

Менің апам үш баланы тәрбиелеп отыр, оның біреуі бала кезінен мүгедек. Баласы мектепке бармайды,  баланы  күту үшін апама жұмысынан шығуға тура келді. Біз аурулы баласын күтетін жұмыссыз аналарға да жәрдемақы тиесілі дегенді естідік. Оны қайдан рәсімдеуге болады? Оған қандай құжаттар керек? 9 ақпан 2012, 18:39 2 140 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тасымалдаушы тарифтi кoтермек

Қаладағы автобус маршруттары қозғалысының үлкен үлесін алып отырған «Батыс-Транспорт СИМ» ЖШС өткен жылдың аяғында қоғамдық көліктегі жолақы тарифін көтеруді жоспарлаған болатын. Жолақы енді қашан қымбаттайды? 9 ақпан 2012, 18:42 1 977 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жайықтың екi атауы бар ма?

- Жайық өзенінің атауын 1775 жылы ІІ Екатерина патшайымының  Урал деп атауға жарлық шығарғаны белгілі. Алайда, әлі күнге дейін кейбір құжаттарда  өзен Урал деп аталады. Жалпы біздің өз заңымызда жер-су атаулары өз қазақ тілінде аталу керек деген заң талаптары бар ма? 9 ақпан 2012, 18:45 11 567 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әйелдерді аялайық!

Жақында менің Миялыда тұратын жүктілік кезеңінің 34-ші аптасындағы туысқанымды  облыстық ауруханаға жіберген екен.  Алайда,  оның медициналық портал бойынша  шақырту арқылы жолдамамен келгеніне қарамастан, оны перзентханаға қабылдамаған. Дәрігер патология бөлімшесінің шамадан тыс толық екендігін, ал, оған алдымен анемиядан  үй жағдайында емделіп, босану мерзімі жақындаған кезде ғана облыстық перзентханаға келуі тиіс екендігін айтқан.  Жүктіліктің үлкен мерзіміндегі әйелді әрлі-берлі  мәжбүрлеп жүргізудің қажеттілігі қанша? 1 ақпан 2012, 21:03 6 074 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ананың қалауы біледі

- Менің бірінші балама аяғым ауыр, сондықтан да қалай босанатындығыма алаңдаулымын. Мен облыстық перзентхананың ақылы бөлімінде босанғым келеді. Егер мен толғақ қысып, «жедел жәрдем» шақыртып барған кезде  перзентхананың осы бөліміне орналаса алам ба? Тікемнен тұрып босануға рұқсат бере ме? Мен өте ұялшақпын, сондықтан да мені дәрігер ер адамның босандырғанын қаламаймын. Маған осылайша өтініш жасауға бола ма? Осы сұрақтарға қатысты мән-жайды перзентхана қызметкерлерінен білсем деп едім?! 1 ақпан 2012, 21:07 2 436 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қағаз жүзіндегі құқық

- Жақында мен салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде  тіркелген болатынмын. Қызметкерлерді жалдамақ болып жоспарлап отырмын. Заң бойынша мен олар үшін зейнетақы және әлеуметтік жарналар төлеуге тиіспін, алайда, бұл менің шығындарымды айтарлықтай  арттыратын болады. Мен барлық қызметкерлермен  оларды штатқа енгізбей-ақ, қызмет көрсету үшін келісім-шарт жасай аламын ба? 1 ақпан 2012, 21:09 2 209 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тізілімге қалай енуге болады?

- Кедендік өкілдер тізіліміне енгізілу үшін негізінен қандай талаптар қойылады? Сыртқы-экономикалық қызметке қатысушы кедендік транзит рәсімі барысында  жету орнын өзгерте ала ма? Кедендік транзит рәсімі аяқталғаннан кейін тасымалдаушы  немесе басқа бір мүдделі тұлға тауарды уақытша сақтауға немесе кедендік рәсім бойынша орналастыруға қай уақыттан бастап міндетті?  1 ақпан 2012, 21:10 2 020 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Шетелде қалған қаражат

- Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне өзгерістер енгізілгендігі белгілі болды. Жекелеп алғанда, мен шетелден қаржының қайтарылмауы және репатриация талаптарын бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілік туралы білгім келген еді. Жауапкершілікке тартылғанда салынатын айыппұл мөлшері қандай  және ақша қандай мерзім ішінде аударылуы тиіс? 1 ақпан 2012, 21:12 1 963 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құқық бәріне ортақ

-Менің жасы 16-ға келген, колледжде оқитын қызым бар. Ол сабақтан бос кезінде оқуының ақшасы және басқа да шығындарды жабу үшін кафеде даяшы болып жұмыс істеп маған көмектеседі. Менің қызыма еңбек өтілі  жазылатын  еңбек кітапшасы рәсімделе ме? Жалпы жасы кәмелетке жетпегендерді жұмысқа орналастыру барысында олардың құқықтары заң бойынша  қалай қорғалады? 18 қаңтар 2012, 19:44 2 284 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жеңілдік акциясын өзгертуге болмайды

-Мен ұлттық әуе тасымалдаушы компания филиалдарының бірінен «Студенттік» акциясы бойынша 14 000 теңгеге билет  сатып алдым. Алматыға оқуға баруыма тура келді. Алайда, артынша сабағымның кейіндеу басталатындығы белгілі болды да, сөйтіп, мен билетімді кейіндеу мерзімге қайта брондау үшін әуе компаниясына бардым.  Алайда, компания өкілі олай етуге болмайтындығын, яғни, акция талаптарында оның қарастырылмағандығын хабарлады. Олай болған жағдайда  мен ақшамды кері қайтаруды сұрадым, бірақ, билеттің толық құны емес, тек  әуежайлық алым (972 теңге) ғана қайтарылатындығы белгілі болды. Әуе тасымалдаушының  бұл әрекеті заңды ма? Өйткені, мен компанияның қызметін пайдаланғаным жоқ, оның үстіне, тасымалдаушыны ұшу күнінен бірнеше күн бұрын хабардар еттім. 18 қаңтар 2012, 19:47 1 890 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үй қызметкерлеріне еңбек шарты керек

-Мен бір отбасында бала күтуші болып жұмыс жасаймын. Балаға күтім жасағаннан басқа мен тамақ әзірлеймін. Менің жасым 40-та. Еңбек шартын рәсімдеуге бола ма, соны білгім келіп еді? Менің жағдайымда еңбек өтілін есептеу үшін еңбек кітапшасына жазба жазыла ма? Еңбек демалысын алуға құқығым бар ма? 18 қаңтар 2012, 19:50 3 027 рет қаралды