Атырау, 29 наурыз 13:05
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Келісім-шартсыз қатынас

2 551 просмотра

– ПИК-пен арадағы келісім–шарт қашанға дейін ұзартылуы тиіс. Өткен жылы мен «Мұхамбет» ПИК қызметі үшін төлейін деп барғанымда, оның жабылып қалғандығы белгілі болды. Мұндай жағдайда төленген төлемдерге қайта есептеу  жүргізілуі керек еді. Мен тұратын үйдің подъезі сирек жиналады, қоқыстар барлық қабатта үйіліп тұрады. ПИК-де маған қоқыстар тек 3-ші қабатқа дейін ғана жиналатындығын  айтты, мен болсам, 5-ші қабатта тұрамын. Мұндай жағдайда 4 және 5-ші қабатта тұратын тұрғындар подъезді жинағаны үшін төлемеуі керек емес пе?! Мен өзіме қызмет көрсетілмейтін   ПИК қызметі үшін төлеп отырмын, алайда, менде ПИК – пен арадағы келісім-шарт жоқ. Бәлкім, ол болған болуы керек, бірақ жоғалып қалған. Мен ПИК-нен арада жасалған  шартты көрсетуін талап етуіме бола ма? Жалпы, ПИК – нің қандай міндеттері бар?

 www.azh.kz сайтынан

Сауалға Атырау қаласы ПИК ассоциациясының төрағасы Асылбек МҮЛІКОВ жауап береді:

– Келісім-шарт ПИК атауы өзгерген немесе тариф өзгерген жағдайда ұзартылмайды. «Мұхамбет» ПИК жабылып  қалған жоқ және бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Подъездерді тазалау 1 қабаттан 5-ші қабатқа дейін жүргізілуі тиіс.

ПИК тұрғындармен келісім-шарт жасамауы да мүмкін, бірақ, міндетті шығындар (ай сайынғы төлем) тізімі жалпы жиналыста бекітілгеннен соң тұрғындардың қаперіне берілуі керек. Егер тұрғын үйге ЖК, ЖШС, жалданбалы тұлға қызмет көрсететін болса, онда келісім-шарт міндетті түрде жасалуы тиіс (ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42 - бабы). Ай сайынғы пайдалану шығындарына тұрғын үйді маусымға байланысты дайындық жұмыстарының барлық түрі: тазалау, жинау, жалпы үйдің мүліктері мен аумағын тиісті жағдайда ұстау, жылу жүйесін, салқын және ыстық су, канализацияны техникалық жағынан қамтамасыз ету, жалпы үйлік стояктарды және жертөле желілеріне сантехникалық қызмет жүргізу, электротехникалық жұмыстар (тұрғын жайдың немесе пәтер иелерінің жеке есептегішіне дейін), басқару персоналы мен кеңсені ұстаудың әкімішілік-шаруашылық жұмыстары да кіреді. Мұндай шығындар тізбесі ПИК-тің кез-келген типтік келісім-шартына жалғанады.  Және оны сіз кез-келген уақытта талап ете аласыз. Ал, басқа пәтер иелерімен алдын – ала келісілген қалған жұмыстар (тізбеге енгізілмеген)  қосымша мақсатты алымдар есебінен жүргізіледі. Мұндай жұмыстарға смета жалпы жиналыста бекітіледі.

21 наурыз 2012, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.