Атырау, 23 қазан 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 484.19
€ 524.28
₽ 5.03

Тұзды әкелуге тыйым салынған жоқ

2 489 просмотра

– Бүгінгі күні Ресейден Қазақстанға ас тұзының әкелінуіне қатысты қандай ереже қолданылып келеді? Кедендік одаққа дейін әкелуге шектеу қойылған еді.

Телефон арқылы

Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Анар САХАУОВАНЫҢ айтуынша, бұрын кеденшілер ҚР «Йод жетіспеушілігі сырқаттарының алдын-алу туралы» Заңын және осы заңға негізделген ас тұзын әкелу ережесін  басшылыққа алып келген екен. Бірақ, қазір КО аясында одаққа кіретін үш елдің өзара саудасы барысында лицензиялау және сандық шектеу қолданылмайды. Және барлық халықаралық нормаларға қарсы келетін ұлттық заңдар бірегейлендірілуі  тиіс. Осылайша, бүгінгі таңда Ресейден ас тұзын ешқандай шектеусіз әкелуге болады.

21 наурыз 2012, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.