Атырау, 29 желтоқсан 01:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Қағаз жүзіндегі құқық

2 080 просмотра

- Жақында мен салық комитетіне жеке кәсіпкер ретінде  тіркелген болатынмын. Қызметкерлерді жалдамақ болып жоспарлап отырмын. Заң бойынша мен олар үшін зейнетақы және әлеуметтік жарналар төлеуге тиіспін, алайда, бұл менің шығындарымды айтарлықтай  арттыратын болады. Мен барлық қызметкерлермен  оларды штатқа енгізбей-ақ, қызмет көрсету үшін келісім-шарт жасай аламын ба?

Телефон арқылы

Заңгер Айнагүл ДӘУЛЕТБАЕВАНЫҢ айтуынша, заң жеке кәсіпкерлерге жалдамалы қызметкерлермен қарым-қатынасты  тиісті түрде рәсімдеуді, яғни, туындайтын еңбек қатынастары негізінде олармен еңбек шарттарын жасауды (ҚР Еңбек Кодексінің 24-33- баптары)  міндеттейді. Шынында да, ҚР заңнамалары жұмыс берушіні еңбекақы төлеумен қатар зейнетақы және әлеуметтік жарналарды, еңбек демалысын төлеуді, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы, өндірістік жарақат алу кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келген жағдайда қызметкердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру және ҚР Еңбек Кодексі және басқа да ҚР құқықтық-нормативтік актілерінде қарастырылған басқа да төлемдерді жүзеге асыруға міндеттейді.

Дегенмен, ҚР Азаматтық Кодексі (683-687-баптары) қызмет көрсету үшін азаматтық-құқықтық келісім-шарт рәсімдеу барысында, оның ішінде жеке тұлғалардан сыйақы төлемінен 10 пайыз мөлшерінде табыс салығын ұстап қалу секілді жағдайларды да қарастырады. Алайда, заң жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық келісім-шарттың мұндай формасын қолдануға шектеу қояды.  Көрсетілетін қызмет немесе жұмыс бір реттік болуы тиіс, міндеттемелердің еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындалуы керек және келісім бойынша сыйақы тәртібімен төленеді. ҚР Еңбек Кодексінің 27-бабында жұмыс берушінің заңды бұзғаны үшін заңды жауапкершілігін қарастыратын еңбек келісім-шартының басқа шарттар түрінен айырмашылығын білдіретін құқықтық белгілерінің толық тізбесі көрсетілген. Жұмыс берушілер көбіне азаматтық-құқықтық келісім-шартты  еңбек келісімі ретінде рәсімдеуге тырысады. Осылайша ол қызметкерді ҚР еңбек заңнамаларында қарастырылған кепіл-діктерден айырады, ал, бұл оның құқығын бұзушылық болып табылады.

1 ақпан 2012, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.