Атырау, 26 сәуір 17:32
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Айыппұл төлеуге тура келеді

2 061 просмотра

– 2011 жылдың наурызында жер учаскесін алып, барлық құжаттарын рәсімдедім. Оларды тіркеуге тапсырайын деп барғанда, әкімнің жер беру туралы шешімін де халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеу керек деді. Бұл құжатты уақытында тіркемеу әкімшілік құқық бұзушылық боп табылады және 10-нан 20 АЕК-ке дейін айыппұлмен жазаланады екен. Бұл не қылған норма? Жер алушыларға неліктен бұл құжатты тіркеу қажеттігі туралы алдын ала ескертпейді?

Алтынбек Мәжитов

– Әңгіме ҚР Әкімшілік Кодексінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу» деп аталатын 354-3 бабы туралы болып отыр. Мерзімді бұзу жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғалар үшін – 20 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады, - деп хабарлады облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары Айгүл УАИСОВА. Құжаттарды мемлекеттік тіркеуге тапсыру мерзімі 2007 жылғы  26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Заңда жазылған. Осы заңның 9-шы бабында, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілеуші құжаттар берілген сәттен бастап 6 айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге тиіс делінген.

Айгүл Уаисованың айтуынша, әділет басқармасы үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыратын көрінеді. Ал Алтынбек Мәжитовке айыппұл төлеуге тура келеді. Өйткені заңды білмеу оны жауапкершіліктен босатпайды.

29 ақпан 2012, 20:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.