Атырау, 29 желтоқсан 01:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Ананың қалауы біледі

2 310 просмотра

- Менің бірінші балама аяғым ауыр, сондықтан да қалай босанатындығыма алаңдаулымын. Мен облыстық перзентхананың ақылы бөлімінде босанғым келеді. Егер мен толғақ қысып, «жедел жәрдем» шақыртып барған кезде  перзентхананың осы бөліміне орналаса алам ба? Тікемнен тұрып босануға рұқсат бере ме? Мен өте ұялшақпын, сондықтан да мені дәрігер ер адамның босандырғанын қаламаймын. Маған осылайша өтініш жасауға бола ма? Осы сұрақтарға қатысты мән-жайды перзентхана қызметкерлерінен білсем деп едім?!

Телефон арқылы

Сауалға облыстық перзентхана үйінің бас дәрігері  Ұлжан ХАСАНОВА жауап береді:

– Ақылы бөлімде босана ма, ол әйелдің өз қалауы. Қабылдау бөлмесіне келгенде өзінің ақылы бөлімге орналасқысы келетіндігін айтса болды. Ал, енді тікесінен тұрып немесе көлденеңнен бе, не болмаса серігімен бірге босана ма, оның бәрін де әйелдің өзі шешеді. Дәрігердің жынысына қатысты сұраққа келетін болсақ, бұл қай дәрігердің кезекшілігіне келеді соған байланысты. Алайда, оған бола алаңдаудың қажеттілігі жоқ, өйткені, біздегі дәрігерлердің басым көпшілігі - әйелдер. Жалпы мен босану мерзімдері жақын болашақ аналарға бізде оларға қашанда қолдау көрсететін психолог мамандардың бар екендігін айтқым келеді.

1 ақпан 2012, 21:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.