Атырау, 6 қазан 12:31
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Маскүнемдікке дауа бар

2 124 просмотра

- Мұны мойындау оңай емес, бірақ мен маскүнеммін. Соңғы кездері жағдайым нашарлап бара жатыр: әбден жүдеп кеттім, ағзам тамақты қабылдамайды. Арақ ішкен кезде аздап жеңілдеп қаламын. Бірақ наркологиялық диспансерге барып, емделуге ұятым жібермейді. Мамандарды үйге шақыра аламын ба?

Сұраққа облыстық наркологиялық диспансердің нашақорлыққа, созылмалы маскүнемдікке және токсикоманияға шалдыққандарды оңалту орталығының меңгерушісі Светлана ДОБРЫНИНА жауап береді:

– Біздер ондай қызмет түрін көрсетпейміз. Бірақ егер ол адам ұялатын болса, диспансердің оқшауланған шаруашылық есептегі палатасына жатуына болады. Жеке мәліметтерін көрсету міндетті емес. Мұндай палатада жату құны – тәулігіне 6 250 теңге. Алайда мұндай белгілері бар науқасқа диспансерде емделу өте қажет екенін ескерткім келеді. Кез-келген уақытта «маскүнем елірмесі» орын алуы, тіптен мүшкіл жағдайда жүрегі тоқтап қалуы мүмкін.

29 ақпан 2012, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.