Атырау, 23 сәуір 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Жатақханадағылар жаңа үйге көшеді

1 739 просмотра

– Біз Огородная көшесіндегі 1976 жылы салынған №8 жатақханада тұрамыз. Бүгінгі таңда ол жерде 30 отбасы тұрып жатыр. 2009 жылы бізге бұл ғимараттың апатты жағдайда екендігін және оның тұрғындарын көшіретіндігі туралы хабарлап, құжаттарды жинастыруға кеңес берген болатын. Кейін біздің көшірілмейтіндігіміз анықталды, сөйтсек, бізге қателесіп хабарлаған болып шықты. Алайда, ешқандай тұрмыстық жағдайы жоқ бұл ғимаратта тұру мүлдем мүмкін емес.

Телефон арқылы

Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары, тұрғын үй секторының меңгерушісі Ділмұхамбет БАРБОСЫНОВ 55 жекешелендірілген қалалық жатақханалардың тек 2-уі ғана көшірілмегендігін хабарлады.

– Огородная көшесіндегі барлық үйлер кезең-кезеңмен күрелетін болады. Бұл үйлердің тұрғындары Ерниязов көшесіндегі салынып жатқан жаңа үйлерге көшірілмекші. Бүгінгі күні біздің тарапымыздан Огородная көшесіндегі №40 үйдің тұрғындарын көшіру бойынша жұмыстар басталды, - дейді Д.Барбосынов. 

21 наурыз 2012, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.