Атырау, 4 ақпан 23:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Басқа жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, сонымен қатар, білім беру саласының қызметкерлері Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, Құндыз ИМАНҒАЗИЕВАҒА, Қансұлу ЖАМИЛОВАҒА және Бейбіт ЗАБЕНОВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бірінші отырыс айыптау актісін жариялауға арналды. 3 қазан 2019, 12:41 5 924 рет қаралды
Қызанақсыз қалып жүрмейік Басқа жаңалықтар

Қызанақсыз қалып жүрмейік

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының таяуда өткен отырысында залға күтпеген жерден көкөніс сататын сатушының кіріп келуі  денсаулық сақтау тақырыбын талқылап жатқан депутаттардың назарын аударды. 3 қазан 2019, 13:48 3 633 рет қаралды
Өлі төбеттен алтын шынжырға дейін Басқа жаңалықтар

Өлі төбеттен алтын шынжырға дейін

«Атырау Су Арнасы» КСС қызметінің инженері Магомед АЛИШАЕВ үшін 15 жыл еңбек еткен кезде кәріз люктерінен табылған нәрселердің ішіндегі ең өзгешесі (әрі жағымсызы) - кілемге оралған алып өлі алабай екен. Сурет 3 қазан 2019, 15:12 4 121 рет қаралды
Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды

Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-баптың 3-тармағы - 367-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру) және 99-баптың 2-тармағының 3, 7-тармақшасы (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Толықтырылды 3 қазан 2019, 16:12 5 327 рет қаралды
Басқа пәле «смайликтен» Басқа жаңалықтар

Басқа пәле «смайликтен»

Атырау қалалық №2 сотында азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты қозғалған сот ісі жалғасуда. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу туралы сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталуда. 1 қазанда сотталушыдан жауап алынды, бұл жолы оны қолдауға жергілікті белсенділер көп келді. Сурет 2 қазан 2019, 11:12 3 752 рет қаралды
Атырау ұстаздары бұрын төленбеген үстемеақыларын алды Басқа жаңалықтар

Атырау ұстаздары бұрын төленбеген үстемеақыларын алды

Атырау қаласының 4 мыңнан астам мұғалімі кезінде төленбеген сауықтыру үстемеақыларын алды. Төлемдердің жалпы сомасы - 250 миллион теңге. Бұл туралы Атырау облысы прокурорының көмекшісі Қанат ҚАБДОЛОВ хабарлады. 2 қазан 2019, 16:53 3 359 рет қаралды
Тізімде жоқ па? Басқа жаңалықтар

Тізімде жоқ па?

Атырау облысы әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми интернет-ресурсында 1 қараша күні сағат 10:00-де Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау қаласының кейбір көшелері мен басқа да нысандарына атау беру және атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарламасы жарияланды. 2 қазан 2019, 17:56 3 489 рет қаралды
Атырауда сараланған тарифті енгізу тағы 10 күнге шегерілді Басқа жаңалықтар

Атырауда сараланған тарифті енгізу тағы 10 күнге шегерілді

Атырауда автобус жолақыларына сараланған тариф енгізу мерзімі тағы да кейінге шегерілді: енді «Х күні» 11 қазанға белгіленген. Бірақ бұдан кейін шегерілмейтін сияқты. 1 қазан 2019, 10:52 2 891 рет қаралды
Атыраудағы 14 балабақша сенімгерлік басқаруға беріледі Басқа жаңалықтар

Атыраудағы 14 балабақша сенімгерлік басқаруға беріледі

Атырауда 14 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурстық құжаттама әзірленуде. Қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНАЛИЕВТІҢ айтуынша, билік республикада жүзеге асырылып жатқан жобаларды талдап, МЖС (мемлекеттік-жеке серіктестік) жобалары мектепке дейінгі білім беру саласында кең қолданысқа ие деген қорытындыға келген. Бұл ретте, әңгіме жаңа балабақшалар салу емес, жұмыс істеп жатқан балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру туралы болып отыр. 1 қазан 2019, 16:01 6 007 рет қаралды
«Жасанды кедергілерді кез келген жерге қоя алмаймыз» Басқа жаңалықтар

«Жасанды кедергілерді кез келген жерге қоя алмаймыз»

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ жыл басынан бергі жұмыс нәтижелері туралы тұрғындарға есеп берді. Мұнайлы астананы дүр сілкіндірген Баймұхановтағы жол-көлік апаты туралы көптеген сұрақтар қойылды, 21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингті өткізуге жиналған бірнеше адамның ұсталғаны туралы сұрады. Толығырақ «АЖ» материалында. Сурет 1 қазан 2019, 17:58 5 852 рет қаралды
Атырауда қысқа дайындық қалай Басқа жаңалықтар

Атырауда қысқа дайындық қалай

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ (суретте - сол жақта) пен қалалық ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Эдуард ОСПАНОВ (оң жақта) қатысқан брифингте қысқа дайындық туралы әңгіме қозғалды. Егер шенеуніктерге сенсек, бәрі жоспар бойынша орындалып жатыр. 30 қыркүйек 2019, 10:48 3 337 рет қаралды
Зауыттан шыққан қара түтін қала тұрғындарын аяғынан тік тұрғызды Басқа жаңалықтар

Зауыттан шыққан қара түтін қала тұрғындарын аяғынан тік тұрғызды

29 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрбасынан қара түтін будақтап, жанатын өнімдер шығарындысы орын алды. Лезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, соның ішінде «Атырау облысының әкімдігі» Telegram чат каналы қала тұрғындары жолдаған суреттерге лық толды.   Толықтырылды Сурет 30 қыркүйек 2019, 14:32 7 544 рет қаралды
Тарантино сарынымен: отставкадағы Атырау полицейі бандиттің рөлін сомдайды Басқа жаңалықтар

Тарантино сарынымен: отставкадағы Атырау полицейі бандиттің рөлін сомдайды

Атырауда «Қалай миллионер болмау керек» деген атаудағы толық метражды көркем фильмді түсіру жұмыстары аяқталды. Жанры бойынша бұл - астыртын әзіл элементтері бар криминалды фильм, продюсері -  қалада түрлі іс-шараларда фотограф ретінде танымал болған Қарасай КҮНЖАРЫҚОВ. Ал негізгі зұлым кейіпкердің рөлін мұнайлы астананың отставкадағы полиция офицері Ербол ОҢҒАРОВ сомдайды. Сурет 30 қыркүйек 2019, 15:25 2 866 рет қаралды
Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау... Басқа жаңалықтар

Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау...

«Дәрігерлер ісі» соңғы кездері қоғамда кеңінен талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Президенттің тапсырмасымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВ пен анестезиолог Асқар ТҰҢҒЫШБАЕВҚА қатысты істі тергеуді өз бақылауына алды. Медицина қауымы әріптестерін қорғауға шықты. 30 қыркүйек 2019, 17:36 4 333 рет қаралды
Жайыққа құрылыс қоқысын төкті - 2 Басқа жаңалықтар

Жайыққа құрылыс қоқысын төкті - 2

«Жайыққа құрылыс қоқысын төкті» жарияланымы үлкен резонанс тудырып, су қорларын қорғау жөніндегі жергілікті инспекция экскаватордың көп мөлшерде әлдебір сусымалы материалдарды өзенге төгу фактісі бойынша міндетті түрде тексеру жүргізуге уәде берді. Алайда бұл істен әлі хабар жоқ, әзірге жағалауды абаттандырумен айналысатын «КА Строй ЛТД» ЖШС басшылығы жауап берді. 28 қыркүйек 2019, 11:33 3 569 рет қаралды
Мұртты «жолсеріктер» Басқа жаңалықтар

Мұртты «жолсеріктер»

"Бар қоспасы бірге" кофе, тез дайындалатын кеспе, терезе сыртындағы өзгеріп тұратын көріністер және пойызда жол қысқарту үшін қызық әңгіме өрбітуге әзір жолаушылар... Романтика ғой, иә? Алайда ҚТЖ компаниясының №625 рейсімен Астраханнан оралған Атырау тұрғыны Анастасия ДУДНИК үшін бұл сапар тіптен ерекше болды: оның кішкентай (бірақ семіз), мұртты әрі жағымсыз «жол серіктері» көп болған. Бейнежазба 28 қыркүйек 2019, 12:19 4 323 рет қаралды
Өзгеріс барлық комиссияға қатысты емес Басқа жаңалықтар

Өзгеріс барлық комиссияға қатысты емес

«Инновациялық қаржылық шешімдер» ЖШС-де Быстро-финанстан ақша алған қарыз алушылардың қарыздары кешірілді ме? Екінші сұрақ: заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін банктердің көпшілігі банктік қызмет көрсеткені үшін комиссия ұстаудан бас тартты, бірақ мен несие алған банк клиенттерінен өз қызметтері үшін ай сайын ақы алуды жалғастыруда. Бұл заңды ма? 28 қыркүйек 2019, 23:40 4 097 рет қаралды
Пион көшеттері қайда? Басқа жаңалықтар

Пион көшеттері қайда?

Жергілікті денсаулық сақтау саласының жағдайы Атырау мәслихатының тексеру комиссиясының отырысында қаралып, "сын көтермейді" деп бағаланды. Бұған мұнайлы астанада ана мен бала өлімінің көбеюі, тұрғындардан дәрігерлер қызметіне шағымдардың көп түсуі басты себеп болды. Сонымен қатар, депутаттар облыстық балалар ауруханасына баса назар аударды. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыз. 27 қыркүйек 2019, 11:24 3 900 рет қаралды
Бейбарыс бойындағы теректердің "екінші өмірі" Басқа жаңалықтар

Бейбарыс бойындағы теректердің "екінші өмірі"

Атырауда бірқатар жол учаскелерінде, соның ішінде жолдарды кеңейту аумағында жасыл желектер көптеп орналасқан Бейбарыс даңғылы бойында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 26 қыркүйек 2019, 15:02 3 541 рет қаралды
Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті Басқа жаңалықтар

Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті

Атыраудағы Баймұханов көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Тойота» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен қайғылы оқиғадан кейін «АЖ» тілшілері мұнайлы астананың «жолақтарымен» өтуді ұйғарған болатын. Бұл жерде жаяу жүргінші өткелдері қауіпсіз емес екендігіне тағы бір рет көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 15:56 7 928 рет қаралды
О дүниеден қайтарып алды Басқа жаңалықтар

О дүниеден қайтарып алды

Жыл басынан бері облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерлері инфаркт жағдайы бойынша 203 рет шақыртуға барған. Өткен аптада олар науқасты клиникалық өлім жағдайынан шығарып, тағы бір адам өмірін құтқарып қалды. 26 қыркүйек 2019, 16:25 3 612 рет қаралды
Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді Басқа жаңалықтар

Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді

Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағының 1,4-тармақшасы (Ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, А.М. 7 адамды алдаған - ол жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыруға, баспана мен жер телімін тез алуға көмектесуге уәде беріп, олардан осы «қызметтер» үшін жалпы сомасы 19 миллион 600 мың теңге жинап алып, уәдесін орындамаған. Кейін зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгінді. 26 қыркүйек 2019, 16:58 4 391 рет қаралды
Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты? Басқа жаңалықтар

Балықтың қырылуы туралы іс: есептегіштерге не жау шапты?

№2 Атырау қалалық сотта өткен жылдың желтоқсан айында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылуы туралы іс бойынша сот отырысы жалғасуда. Бұған дейін сот отырысы сотта төрағалық еткен Дәуренбек Даумовтың еңбек демалысына шығуына байланысты кейінге қалдырылған еді. Кезекті отырыста үш сотталушының бірі – «Атырау Су Арнасы» КМК директорының орынбасары Виктор СУЩЕНКО жауап берді. Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 17:00 4 397 рет қаралды
Миллион Атырауда қалды Басқа жаңалықтар

Миллион Атырауда қалды

20 қыркүйекте Доссор кентінде Мақат ауданының 95 жылдығына орай «Мақатым – мақтанышым»  тақырыбында ұйымдастырылған аймақтық ақындар айтысына Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысынан 20 ақын қатысып, бас бәйгесі мен 1 млн теңге сыйлығын атыраулық ақын Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ жеңіп алды. 25 қыркүйек 2019, 11:06 3 989 рет қаралды
Тоғысқан түрлі тағдырлар Басқа жаңалықтар

Тоғысқан түрлі тағдырлар

Жыл басынан бері Атырау облыстық кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына тоқсанға жуық бала келіп түскен. Осылардың 15-і «Шаңырақ» балалар үйіне орналастырылса, 65 бала заңды өкілдеріне қайтарылған.  2 бала  «ата-анасының тәрбиесіне көнбегендіктен және мінез құлқына байланысты» соттың шешімімен Маңғыстау облысындағы арнайы түзету мектебіне орналастырылды.  Ал қазір бұл жерде 21 бала тәрбиеленуде.  «АЖ» тілшісі орталық жұмысымен танысты. Бейнежазба 25 қыркүйек 2019, 12:30 4 767 рет қаралды
«Ұлы дала тарихы» Басқа жаңалықтар

«Ұлы дала тарихы»

20 қыркүйекте осындай атаумен Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде «Музейлер шеруі» жалпыреспубликалық акциясы басталып, қала тұрғындары мен қонақтары алғашқы күні Құрманғазы ауданының көшпелі музейі жәдігерлерін тамашалай алды.   Сурет 24 қыркүйек 2019, 12:07 3 554 рет қаралды
Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол Басқа жаңалықтар

Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол

- Мен зейнетақымды пошта арқылы аламын, бірақ өткен айда «Қазпошта» қызметкерлері маған карточка беріп, келесі айдан бастап ақша соған аударылатынын айтты. Бірақ мен карточканы қалай қолдану керектігін білмеймін. Ал қызым бөлек тұрады, үнемі жұмыста, сирек келеді. Көршілерім ақшаны поштадан алуға болатындығын айтады. Қызметкерге ПИН-кодты айтса, ол ақшаны түсіріп береді дейді. Бірақ олай етуге қорқамын. Өйткені қызметкерлер өзгеріп тұрады, аяқ астынан жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Ал төсек тартып жатқан мүгедек-зейнеткерлер карточкамен қалай алады? Бір сөзбен айтқанда, маған ақшаны карточкаға аударатындығына қарсымын.  Зейнетақымды бұрынғыдай алғым келеді. Ол үшін «Қазпоштаға» өтініш жазуым керек пе? 24 қыркүйек 2019, 16:30 3 671 рет қаралды
Жайыққа құрылыс қоқысын төкті Басқа жаңалықтар

Жайыққа құрылыс қоқысын төкті

Атырау тұрғыны Болат Нсанбаев Фейсбукте бейнежазба жариялап, оған: «Құрылыс қоқыстарын Жайыққа төгіп жатыр, бұл «Шағалаға» қарама-қарсы Әлиев көпірінің жанында жүріп жатқан құрылыс. Өз-өзімізді құртып жатырмыз...» деп жазыпты. Бұл көрініске шынымен де жаның ашиды: экскаватор Жайыққа көп мөлшерде сусымалы массаны тастап жатыр. Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 16:28 4 498 рет қаралды
Атырау облысында полиция басшылары парамен қолға түсті Басқа жаңалықтар

Атырау облысында полиция басшылары парамен қолға түсті

Атырау облысы бойынша Полиция департаментінің Тылдық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылық басшысы, полиция подполковнигі мен оның орынбасары, полиция майорына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бейнежазба 24 қыркүйек 2019, 20:19 5 851 рет қаралды
Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі Басқа жаңалықтар

Батыр аналарға жәрдемақы автоматты түрде беріледі

«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» төсбелгісімен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындау туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті ұсынуды пилоттық режимде іске қосу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №418  және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі мнистрлігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы №192/НҚ бірлескен бұйрықтары бекітілді.  23 қыркүйек 2019, 12:47 4 848 рет қаралды
Біздікілердің біліктілігі төрт есе төмен бе? Басқа жаңалықтар

Біздікілердің біліктілігі төрт есе төмен бе?

Жақында «АЖ» Бас прокуратураның ұйғарымы бойынша еңбек инспекциясының Теңіз кенішіндегі компанияларды, онда да барлығын емес, 50-ден астам шетелдік жұмысшысы бар компанияларды тексеріп жатқанын хабарлаған еді. Тексеру барысында біздің жұмысшылардың да жақсы табыс табатындығы белгілі болды, бірақ әділеттілік қағидасы бәрібір сақталмаған. Тексерудің аралық нәтижелері туралы - Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ әңгімелеп берді. 23 қыркүйек 2019, 15:31 4 146 рет қаралды