Атырау, 24 қараша 03:46
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қызанақсыз қалып жүрмейік

3 472 просмотра


Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының таяуда өткен отырысында залға күтпеген жерден көкөніс сататын сатушының кіріп келуі  денсаулық сақтау тақырыбын талқылап жатқан депутаттардың назарын аударды. 

Ішке енген ол бұрын кәсіпкерлердің қызанақты Өзбекстан мен Оңтүстік Қазақстаннан әкелетінін, ал қазір ондағы барлық өнімді қызынақ күйесінің жеп қоюынан Астрахан облысынан әкелуге тура келіп отырғандығын қызулана мәлімдеді.  Сондай-ақ, бұл зиянкестің біздің аймағымызға да еніп, Махамбет ауданына тарап үлгергендігін сенімді түрде айтты.

 ҚР ауылшаруашылық министрлігі қалалық мемлекеттік инспекция басшысы Шолпан ЖҰМАХМЕТОВА қатысушыларға өздеріне қарайтын аумақтарда жағдайдың бәрі қалыпты екендігін хабарлады:

– Бастапқыда біз қызанақ күйесінің Атырау селолық округтеріндегі жылыжайлар мен егіс алқаптарында бар деп күдіктенген едік. Бірақ зертханалық тексерулер барысында бұл күдігіміз расталмады.

«АЖ» Ауылшаруашылық министрлігінің агроөнеркәсіпті кешенінің мемлекеттік инспекция комитетіне сауал жолдап: қызанақ күйесінің қызанақ, картоп, баялды секілді көкөніс өнімдерін қорғау шараларын алмаған жағдайда 100 пайызға дейін жойып жіберетін қауіпті зиянкес екендігін баяндаған жауап алды.

 «Қазақстанда дәл қазіргі уақытта қызанақ күйесінің Ақтөбе (3 га) және Түркістан (15,2 га) облыстарының аумағында таралу ошақтары бар. Таралған аумақтарда химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, -деп хабарлады Комитет. – Атырау облысына қатысты айтар болсақ, 2019 жылы Махамбет ауданындағы «Никита» шаруа қожалығынан 2 гектар алаңды алған қызанақ күйесінің ошағы анықталды. Зиянкес түскен өсімдіктің барлығы өртеліп, алқап алаңы қосымша тағы да жыртылды».

Сондықтан да облыстық өсімдіктер карантині қызметінің қызметкерлеріне сақадай сай болу керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қазан 2019, 13:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.