«Жайыққа құрылыс қоқысын төкті» жарияланымы үлкен резонанс тудырып, су қорларын қорғау жөніндегі жергілікті инспекция экскаватордың көп мөлшерде әлдебір сусымалы материалдарды өзенге төгу фактісі бойынша міндетті түрде тексеру жүргізуге уәде берді. Алайда бұл істен әлі хабар жоқ, әзірге жағалауды абаттандырумен айналысатын «КА Строй ЛТД» ЖШС басшылығы жауап берді.
ЖШС директорының орынбасары Мөңке ШЛЫКОВ әңгімені әріден бастады: «Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдың қараша айынан бастап Атырау қаласының ортасында ұзындығы 1861 метр болатын жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Әуел бастан нысан тапсырыс беруші мен инвестордың қатаң бақылауына алынған. Бас мердігер тарапынан қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты барлық талаптар сақталды. Бүгінде №1, 3 учаскелерде бөгет қабырғалардың құрылысы аяқталды, қазір №1 учаскеде өзен жағындағы әртүрлі фракциялардан тұратын шойтастан салынған 5 метрлік бөгет қабырғасының түбін нығайту жұмыстары басталды. №1 учаскедегі нығайтылып жатқан учаскенің ұзындығы - 438 м, № 3 учаскеде - 673 м. Бейнежазбадағы - құрылыс қоқысы емес, шойтас. Біз Ақтөбеден тапсырыс беріп алдырдық. Бұл әдеттегі технологиялық процесс».
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті М. Шлыков ұсынды