Атырау, 17 қыркүйек 01:23
 дождьВ Атырау +22.4
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Жайыққа құрылыс қоқысын төкті

Бейнежазба
4 699 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған кадр

Атырау тұрғыны Болат Нсанбаев Фейсбукте бейнежазба жариялап, оған: «Құрылыс қоқыстарын Жайыққа төгіп жатыр, бұл «Шағалаға» қарама-қарсы Әлиев көпірінің жанында жүріп жатқан құрылыс. Өз-өзімізді құртып жатырмыз...» деп жазыпты. Бұл көрініске шынымен де жаның ашиды: экскаватор Жайыққа көп мөлшерде сусымалы массаны тастап жатыр.


«АЖ» осыған қатысты Жайық-Каспий су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау инспекциясының басшысы Ғалидолла ӘЗИДУЛЛИНМЕН хабарласқан еді.

- Анықтайтын боламыз, - деді Әзидуллин. – Тәртіпті білесіздер ғой, Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, тексеру үшін прокуратураға жүгіну керек. Бірақ бұл мәселені қолға аламыз.

- Осы заң бұзушылық Әкімшілік кодекстің қай бабына сәйкес келеді?

- Әзірге мұны айтуға ертерек, алдымен тексеруді бастау керек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

24 қыркүйек 2019, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.