Атырау, 25 желтоқсан 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырауда облыстық перзентхананың бас дәрігері пара берді деген күдікпен қамауға алынды

Толықтырылды
5 139 просмотра


Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ ұстады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-баптың 3-тармағы - 367-баптың 3-тармағының 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара беру) және 99-баптың 2-тармағының 3, 7-тармақшасы (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық перзентхананың бас дәрігері Атырау облысы бойынша сот-медициналық сараптама институтының директорына босанған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша сараптаманың «қажетті» қорытындысын алу үшін 300 мың теңге сомасында пара берді деп күдіктеліп отыр.Нысанбаевтың босанушы әйелдерден қолайлы жағдай жасау үшін бірнеше рет пара алуға қатысы бар-жоғы да тексеріліп жатыр.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 3, 7-тармақшасы бойынша перинаталды орталықтың акушер-гинекологы да қамауға алынды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 қазан 2019, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.