Атырау, 24 қараша 04:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бейбарыс бойындағы теректердің "екінші өмірі"

3 409 просмотра


Атырауда бірқатар жол учаскелерінде, соның ішінде жолдарды кеңейту аумағында жасыл желектер көптеп орналасқан Бейбарыс даңғылы бойында қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген компания алғаш рет ағаштарды отырғызу үшін арнайы техника қолдануда. Оның негізгі қабілеті - терекке зиян келтірместен бір жерден екінші жерге тез және оңай көшіру. Үш күнде 132 ағаш көшет қайта отырғызылды.

Жалпы алғанда, даңғылды қайта жаңғырту тек жолдың құрылысы мен оны кеңейту бойынша күрделі жұмыстарды ғана емес, сонымен қатар тротуарларды, жол бөлетін жолақтарды, велосипед жолдарын, сонымен қатар аялдама павильондарын, бағдаршамдарды ауыстыру және көшелерді жарықтандыру бойынша күрделі жұмыстарды қарастырады.

Жаяу жүргіншілер жолдарын, автомобиль жолдарын кеңейту және велосипед жолдарының құрылысы биыл басталған даңғылдың жалпы ұзындығы - 10 шақырымды құрайды. Жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, барлық учаскелер осы маусымда аяқталмайды, жұмыстар келесі жылы да жалғасады.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 қыркүйек 2019, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.