Атырау, 24 қараша 05:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зейнеткерлер үшін карточканың мүмкіндігі мол

3 489 просмотра


- Мен зейнетақымды пошта арқылы аламын, бірақ өткен айда «Қазпошта» қызметкерлері маған карточка беріп, келесі айдан бастап ақша соған аударылатынын айтты. Бірақ мен карточканы қалай қолдану керектігін білмеймін. Ал қызым бөлек тұрады, үнемі жұмыста, сирек келеді. Көршілерім ақшаны поштадан алуға болатындығын айтады. Қызметкерге ПИН-кодты айтса, ол ақшаны түсіріп береді дейді. Бірақ олай етуге қорқамын. Өйткені қызметкерлер өзгеріп тұрады, аяқ астынан жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Ал төсек тартып жатқан мүгедек-зейнеткерлер карточкамен қалай алады? Бір сөзбен айтқанда, маған ақшаны карточкаға аударатындығына қарсымын.  Зейнетақымды бұрынғыдай алғым келеді. Ол үшін «Қазпоштаға» өтініш жазуым керек пе?

Телефон арқылы

Сұраққа «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Алтын САДЫҚОВА жауап берді. Оның айтуынша, карточканың болуы зейнеткерлердің зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Егер олар зейнетақыны бұрынғыдай пошта бөлімшесінде алғысы келсе, онда оған ешқандай кедергі жоқ, арнайы өтініш жазудың да қажеті жоқ.

- Карточканың пайда болуынан ештеңе өзгермейді. Зейнеткерлер поштаға келіп, зейнетақыларын қалай алса, солай ала береді. Бізде зейнеткерлер басқа қалаларға ұзақ уақытқа қаралуға, емделуге және оңалтуға жиі барады немесе басқа мекенжайда тұратын балалары сырқатынан кейін күтім жасау үшін оларды өз үйлеріне алып кетеді. Кейбір зейнеткерлер жарты жылдап болмайды. Пошташылар үйде қызмет көрсетілетін зейнеткерлерге ақшаны берілген күннен бастап 5 күн ішінде жеткізуі керек. Егер осы мерзім ішінде олар үйлерінде болмаса, онда ақшаны кері шотқа қайтаруға тура келеді. Шоттан ақша алу үшін, Ұлттық Банктің талаптарына сәйкес, клиенттің өзі келуі немесе барлық растайтын құжаттармен бірге өз өкілін жіберуі керек. Осы кезде қиындықтар туындайды. Карточка шотқа байланған, ақша шотқа түседі. Яғни, зейнеткер карточкадан да, шоттан да ақша ала алады. Өтініш жазудың қажеті жоқ, - дейді А.Садықова.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қыркүйек 2019, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.