Атырау, 24 қараша 04:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өзгеріс барлық комиссияға қатысты емес

3 925 просмотра


«Инновациялық қаржылық шешімдер» ЖШС-де Быстро-финанстан ақша алған қарыз алушылардың қарыздары кешірілді ме?

Екінші сұрақ: заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін банктердің көпшілігі банктік қызмет көрсеткені үшін комиссия ұстаудан бас тартты, бірақ мен несие алған банкі клиенттерінен өз қызметтері үшін ай сайын ақы алуды жалғастыруда. Бұл заңды ма?

Телефон арқылы

- Президенттің Жарлығына сәйкес, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансында тұрған қарыздар ғана кешіріледі. МҚҰ тізімін ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан табуға болады, - дейді Ұлттық банктің Атырау филиалы директорының орынбасары Серік ОМАРОВ.

Сұрақтың екінші бөлігіне келетін болсақ: ҚР Ұлттық Банкінің АФ Қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Асланбек КАБЕСОВТЫҢ айтуынша, заң бойынша банктік шотқа қызмет көрсеткені үшін комиссия жойылған, басқа комиссиялар өзгеріссіз қалған.

- Ұлттық Банк несие беру және оған қызмет көрсетумен байланысты банктік шотты жүргізуге, сондай-ақ кәсіпкерлікпен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша банктік шотқа несие есептегені (бергені) үшін комиссия белгілеуге және алуға тыйым салды. Тыйым 2019 жылдың наурызынан бастап жасалған банктік қарыз шарттарына қолданылады, - деп атап өтті А. Қабесов.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 қыркүйек 2019, 23:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.