Атырау, 24 қараша 04:17
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Алаяқ кінәсін мойындап, өкініш білдірді

4 154 просмотра


Атырау қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағының 1,4-тармақшасы (Ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша 48 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта анықталғандай, А.М. 7 адамды алдаған - ол жоғары ақы төленетін жұмысқа орналастыруға, баспана мен жер телімін тез алуға көмектесуге уәде беріп, олардан осы «қызметтер» үшін жалпы сомасы 19 миллион 600 мың теңге жинап алып, уәдесін орындамаған. Кейін зардап шеккендер құқық қорғау органдарына жүгінді.

- Сот отырысында А.М. кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасағысы келетіндігін білдірді. Іс-әрекеттің саралануына және іс бойынша қолда бар дәлелдерге қатысты дауласпады, азаматтық талап арыз көлемімен келісті. Осыған байланысты прокурордың, жәбірленушілердің, сотталушының және оның адвокатының қатысуымен іс жүргізу келісімі жасалды, - деп хабарлайды №2 соттың баспасөз қызметі.

Сотталушы кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылу жазасын алды. Бұдан басқа, жәбірленушілердің азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.

Фархат ӘБІЛОВ     

26 қыркүйек 2019, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.