"Бар қоспасы бірге" кофе, тез дайындалатын кеспе, терезе сыртындағы өзгеріп тұратын көріністер және пойызда жол қысқарту үшін қызық әңгіме өрбітуге әзір жолаушылар... Романтика ғой, иә? Алайда ҚТЖ компаниясының №625 рейсімен Астраханнан оралған Атырау тұрғыны Анастасия ДУДНИК үшін бұл сапар тіптен ерекше болды: оның кішкентай (бірақ семіз), мұртты әрі жағымсыз «жол серіктері» болған.
- Құрбым екеуміз 22 қыркүйекте кешке Астраханнан №18 плацкарт вагонына отырдық. Жолаушылармен шүйіркелесіп отырғанда құрбымның көзі қоңызға түсті. Әуелі мән бермедік, бірақ 20 минуттан кейін қоңыздар көбейіп кетті! Әр жерде - еденде, қабырғаларда, үстелде өріп жүр. Сол кезде отырғыштарды көтеріп, заттарымызды тексере бастадық. Ол жерде не болып жатқанын сөзбен жеткізу мүмкін емес! Біздің қасымызда екі баласы бар отбасы келе жатты, кіші қызы төменгі сөреде ұйықтап жатқан еді. Ата-анасы оның астын тексермек болып, сөрені көтергенде, қоңыздардың ұясын көрдік. Ұйықтау ғана емес, тамақ ішіп-жеу де мүмкін болмай қалды. Жолсеріктерге шағымданған едік, олар тек мырс етіп күлді де қойды, - дейді Настя.
Ол жіберген фотосуреттер мен бейнежазбаларды көргеннен кейін мен де шошыдым. Қазақстан темір жолдары бізбен бірге саяхаттайтын серік ретінде тағы қандай ұсақ мақұлықтарды ұсына алады екен? Табиғатта егеуқұйрық, өрмекші және тағы басқа «сүйкімді» тіршілік иелері де бар ғой...
Анастасия АЛЮШИНА
Сурет пен бейнежазбаны жолдаған Анастасия Дудник