Атырау, 24 желтоқсан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

Сочидегі тұсаукесер Қоғам

Сочидегі тұсаукесер

Олимпиадалық киімнің үздік дизайны байқауында жеңіп шыққан форма 2014 жылдың Олимпиадасына ілікті: оның авторы, атыраулық дизайнер Айжан БОҚАЕВА (суретте) республикалық спорт комитетінің шақыруы бойынша өзі шығарып, өзі әзірлеген спорт жиынтығымен Сочиге барды. 13 наурыз 2014, 00:00 3 359 рет қаралды
О, алақай, Аяз атай! Қоғам

О, алақай, Аяз атай!

«Ақ Жайықтың» дәстүрлі жаңажылдық акциясы Сағат 12-ні соғып, Жаңа 2014 жыл басталғанда, бұл балалар қалың ұйқы құшағында жатады. Бұл мекемелердің режимдері мүлтіксіз орындалады. Өкінішке орай, бұл мейрамды олар өз туыстарының арасында қарсы алмайды. Олардан ешкім де білдірмей ең құпия тілектерін сұрамайды. Сондықтан Аяз Атаның елшілері ретінде қалам мен қойындәптерімді алып, С. Қазыбаев атындағы №1 интернаттағы ата-аналарының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға, сонымен қатар есту қабілеттері бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына (2 жетім сәби) жол тарттым. 6 желтоқсан 2013, 22:19 11 668 рет қаралды
Сары ата. Темір мен сүйменнен де мықты жан Қоғам

Сары ата. Темір мен сүйменнен де мықты жан

Келер жылы Балықшы поселкесінде Сары молда атындағы мешіт салыну жоспарлануда. Қазіргі кезде мешіт құрылысының эскиздік жобасы мен эксперттік қорытындысы дайын. Мешіт 2 қатарлы, 350 орынға арналған. 10 қазан 2013, 00:00 18 342 рет қаралды
Ереуілдер тағылымы Қоғам

Ереуілдер тағылымы

Қашағандағы соңғы ереуіл(«АЖ», №28, 11.07.13, «Өтемақы жоқ, қане, сау болыңдар!» жарияланымын қараңыз) Солтүстік-Каспий  жобасының таяу уақытта сөзсіз қысқартулар күтіп тұрған бүкіл жұмысшылары үшін мазасыз қоңырауға айналды. 18 шілде 2013, 00:00 3 591 рет қаралды
Мөр үшін шекара асады Қоғам

Мөр үшін шекара асады

Өткен жылы, облыстық көші-қон полициясы басқармасының ақпараты бойынша, Атырау облысы аумағына 48 мың ТМД елдері азаматтары кірген. Осы жылдан бастап облыс аумағында уақытша келу туралы 9 мыңдай шетелдік азамат тіркелген, олардың 7 мыңнан астамы - Өзбекстан азаматтары. Ал бізде заңсыз жұмыс істеп жүргендер қаншама? Мұны ешкім білмейді. 7 наурыз 2013, 00:00 2 566 рет қаралды
Тағдыры тарих қос ғұмыр Қоғам

Тағдыры тарих қос ғұмыр

Біз 8 наурыз - әйелдер мерекесі қарсаңында асыл әжелердің үйлерінде қонақта болып қайттық. Мінезі жарқын, өзі қайсар әрі болмысынан өте қарапайым әжелеріміздің тағдыры қилы болды. Бірақ, олар соған қарамастан еңселерін түсірмеді. Ол туралы ойламады да. 7 наурыз 2013, 00:00 3 191 рет қаралды
Сәнге айналған есімдер Қоғам

Сәнге айналған есімдер

Сәнге айналған есімдер өзгеріп отырады. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері атап өткендей, оған салмақты саяси оқиғалардан бастап жаңа сериалдардың басталуына дейінгі нәрселердің барлығы ықпал ететін көрінеді. 19 желтоқсан 2012, 16:57 21 781 рет қаралды
Кел, құшақтасайық! Қоғам

Кел, құшақтасайық!

4 желтоқсанда «АЖ» тілшілері жүргіншілерді Құшақтасу күнімен құттықтады. Түстен кейінгі уақыт болатын. Біз Тамара және фототілші үшеуміз қаланы шарлап, кімді бірінші құшақтасақ екен деп ойлаумен болдық. Сөйтіп ЖПБ қызметкеріне көзіміз түсті. Жүрістерін баяулатқан көліктерді көзімен енжарлана ұзатып салған қызметкер көңілсіз көрінді. Ал оның кеудешесі мұң торлаған адамның келбетімен үйлесім тапқандай еді. Бітті, шешім қабылданды. Біз соған қарай жақындадық. 5 желтоқсан 2012, 15:11 5 608 рет қаралды
Соңғы батыр Қоғам

Соңғы батыр

Марапаттау қағазынан: «1945 жылы 17 сәуірде кіші сержант Сәді ДҮЙСЕНБЕКОВ құрамында болған Т-34 танк экипажы Берлинге ең бірінші болып кіріп, фашистердің танкіге қарсы 2 қару құралын жойған. Танк қаланың басты екі көшесін басып алып, қосымша күш келгенше оқ пен оттың арасында ұстап тұрған. 1 мамырда жаудың 8 танкісін отқа орап, баррикаданы бұзып, 50 фашисті өлтірген. Берлиннің орталығына шығып, 115 тұтқынды қолға түсірген». 17 қазан 2012, 20:45 3 753 рет қаралды
"Өмір қымбатсың маған да" Қоғам

"Өмір қымбатсың маған да"

Адамның генетикалық кодында бір ғана артық хромосома пайда болса, оның ақыл-ой дамуына көпшілік нүкте қояды. Алайда табиғатта кездейсоқтық болмайды: өтемақы секілді Алланың өзі де осынау нәзік жандарға махаббат пен мейірімділікті аямай берген. Сондықтан да болар, кейде Даун синдромына шалдыққан жандарды Күн адамы деп атайды. 9 мамыр 2012, 14:24 7 945 рет қаралды
Қоғам

Даладағы дүбір

Көктем келгелі жылыойлық Ізінғали ҚАРАБАЛИЕВ үшін нағыз қарбалас шақ басталды. Нағашысы Талғат екеуі қалың киініп, тозығы жеткен тракторлардың бөлшектерін жаңасына алмастыру үшін күні бойы темір тұлпармен «алысып жатқаны». 11 сәуір 2012, 17:22 2 310 рет қаралды
Дәрі-дәрмекке қосымша қаржы бөлінді Қоғам

Дәрі-дәрмекке қосымша қаржы бөлінді

Өткен жылы «АЖ» халықтың жеңілдікке ие болатын санаттары үшін тегін дәрі-дәрмектер сатып алуға қаржының жеткіліксіз екендігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Облыстық биліктегілер науқас жерлестеріне жәрдем көрсетіп, бұл бап бойынша шығындар көлемі артты. 18 қаңтар 2012, 17:52 4 518 рет қаралды
Қытайдан «қазақпын» деп келіп, көмек алғандар арасында этникалық ұйғырлар анықталған Қоғам

Қытайдан «қазақпын» деп келіп, көмек алғандар арасында этникалық ұйғырлар анықталған

Атажұртқа оралғандар арасында ата-тегі бөлектер шығып жатыр. Қытайдан «қазақпын» деп келіп, квотамен қазынаның қыруар қаржысын көмек ретінде алғандар арасында этникалық ұйғырлар анықталған. Осындай азаматтардың бірнешеуін Қөші-қон полициясы қолға түсірді. 10 қаңтар 2012, 10:25 3 321 рет қаралды
Емханадағы төңкеріс Қоғам

Емханадағы төңкеріс

Осыдан бір ай бұрын біз емханалардағы дайындалып жатқан реформа туралы жазған болатынбыз («АЖ» №47  24.11.11 - «Емханаларда төңкеріс жасалмақ»). Амбулаториялық мекемелер жаңа жылдан бастап кезексіз жаңа жұмыс кестесіне көшуге тиісті. 23 желтоқсанда жаңартылған №1 қалалық емхананың тұсаукесері болды. 29 желтоқсан 2011, 18:11 3 959 рет қаралды
Байшонас босып кеткелі отыр Қоғам

Байшонас босып кеткелі отыр

Байшонас туралы «АЖ» («Адыра қалған Байшонас», «АЖ» №19, 12 мамыр 2011 жыл) бетінде материал жарық көргелі үш ай өтті. Алайда ашулы халық қоңыраулатқан соң тағы барғанбыз. Олар өздерінің мәселесі шешілмесе шеруге шығатындарын айтып отыр. 11 тамыз 2011, 20:03 7 515 рет қаралды
Шипа іздеп шетел асқан Ерлан Қоғам

Шипа іздеп шетел асқан Ерлан

Бірнеше жыл бұрын осынау қол-аяғы балғадай жас жігіттің жілік майын ауыстыруға қатты мұқтаж болғандығына сене қою қиын. Бағына қарай, Израильдегі операция сәтті өтіпті. Алайда шетелде емделуге мемлекеттік жеңілдік алу үшін оған бірнеше жылын сарп етуге тура келген. Жігіттің жолы болыпты. Өз кезектерін күте алмай, бақилық боп кеткендер қаншама... 2 маусым 2011, 03:08 6 515 рет қаралды
Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев Қоғам

Құлсарылық Абдулла қарт және ақын Мағжан Жұмабаев

Жылыой ауданының тумасы Абдулла ӘБДІРАХМАНОВ - сталиндік репрессия жылдарының көзі тірі куәгері. Жасы 90-нан асқан ақсақал әлі тың, айтары да мол. Алайда ең бастысы  оның  соғыстан кейінгі сталиндік лагерлерде қазақтың біртуар зиялысы Мағжан Жұмабаевпен бірге отырғанын біреу білсе, біреу білмес.  Бәрін ретімен баяндалық. 26 мамыр 2011, 15:46 16 399 рет қаралды
«Олар поезды тоқтатты» (толықтырылды) Қоғам

«Олар поезды тоқтатты» (толықтырылды)

Доссорлықтар күкірт тиелген составты Теңіз кенішіне қайтарып жіберді 5-мамыр күні күндіз Доссор поселкесінің наразылық білдірген 500 шақты тұрғыны вокзал жанындағы магистральды теміржолдың қозғалысын бөгеп, тауар және жолаушылар таситын пойыздардың қозғалысын 2,5 сағатқа тоқтатып тастады. 11 мамыр 2011, 17:21 4 998 рет қаралды
Жігері жасымаған Жәния Қоғам

Жігері жасымаған Жәния

Ол кезде он балалы жанұядағы бесінші балаға Жаратқанның ерекше жігер, өмірге құштарлық және сарқылмайтын күш берерін ешкім де білмейтін еді. Осынау қасиеттердің барлығы тағдырдың жазмышымен азап шеккен жанның бойына біткен. Дегенмен де, оның жанұясы бұл әйелді отбасының қазығы деп есептейді. Ал көршілер болса оған: – «Иә, Жәния РЫСҚАЛИЕВА – нағыз қайсар адам» деп құрметпен қарайды... 30 наурыз 2011, 19:04 3 383 рет қаралды
«Казэнерком» кімді алдады? Қоғам

«Казэнерком» кімді алдады?

Үлескерлер проблемасы қазір қаладағы «Гауһартас» тұрғын үй кешенінің тұрғындарының басында да бар. «Сарықамыс» елдімекенінің дәл артында орналасқан бұл тұрғын үй кешенінің құрылысы үлескерлердің қатысуымен салынған болатын. Кешенді тұрғызған алматылық компания - «Казэнерком» ЖШС. 23 наурыз 2011, 17:54 3 837 рет қаралды
«Менің үйім – менің қамалым» Қоғам

«Менің үйім – менің қамалым»

Әрбіреуіміз үшін өз үйіміз шексіз әлемнен, сыртқы ортадан қорғайтын қамал, жеке кеңістік. Ол жылы, жарық, қолайлы және қауіпсіз болуы тиіс. Менің пікірімше, бақытты ошақтың қарапайым ғана түсінігі осылай. Алайда, сайтан алғыр, БАҚ беттеріндегі қылмыстық хабарламалар мен радиода сарнап жататын оқиғалар өз үйіңде де тыныш өмір сүруге болады деген түсінікті кереғар етіп жатады. Ол біздің мүлкімізге көз тіккен түрлі қылмыскерлерден, кей жағдайларда денсаулығымызға, тіпті, өмірімізге төнетін қауіптен үнемі қорғай бермейді. Өзіңізді және өз үйіңізді бөгденің қажетсіз назарынан және үй ұрыларынан қалай қорғауға болады? – деген сауалды құқыққорғау органдарынан, күзет агенттіктерінен  және, әрине, халық пікірін сұраған едім. 23 наурыз 2011, 19:51 28 225 рет қаралды
Иісшіл иттер психологиясы Қоғам

Иісшіл иттер психологиясы

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жеңіс шеруіне соғыстың барлық майдандарынан қатысқан әскерлермен бірге Қызыл алаңда жетектеуге ілескен иттердің де жүргенін біреу білсе біреу білмес. Сол бір тарихи шеруге  Кеңес Одағының бас кинологы подполковник Мазовер де қатысқан еді. Бірақ оған салтанатты қадам жасап, бас қолбасшыға құрмет көрсетуге рұқсат берілмеді. Өйткені, ол қолына 14-ші штурмдық  инженер-саперлік бригада  жауынгері  жаралы Жолбарыс есімді  итті көтеріп келе жатты. Төрт аяқты бұл жауынгер  Румыния, Чехия, Венгрия  және Австрияның  миналар қойылған  даласындағы ұрыстарға қатысқан. Сол жерлерде  Жолбарыс 468 мина мен 150 снаряд тапқаны үшін  «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаліне ие болған еді. Біздің облысымызда осындай иісшіл иттер бар ма? 23 наурыз 2011, 21:41 6 947 рет қаралды
Қоғам

Буға бөккен подъезд

Авангард 2 ықшам ауданының №3 үй тұрғындары үш аптадан бері подъездерінің көк түтінге оранғанын хабарлады. Түтін болғанда, судың буы бұл. Подъезд ішінен көзіңді біреу тұмшалағандай түк те көрінбейді. Тұрғындар дымқыл ауамен тыныстаймыз деп ауру болатын болдық деп отыр. Және, пәтер іштерінің де дымқылданып бара жатқанына алаңдайды. 17 наурыз 2011, 18:53 3 128 рет қаралды
Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер Қоғам

Бас ауруына арналған дәрі-дәрмектер

Сейсенбі күні редакциямызға тарихта тұңғыш рет атыраулық медицина қызметінің басшылары жиналды. Бұл газеттің өткен нөмірінде жарық көрген «Тағы да дәрі-дәрмек дүрбелеңі» деп аталатын мақаланың «арқасы» еді. Бізбен байланысқа шыққан облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ басқа стационарларда (мақалада облыстық аурухана аталған болатын) дәрі-дәрмектерге қатысты проблема жоқтығын дәлелдеу үшін атыраулық стационарлардың бас дәрігерлері мен «Самұрық-Қазына-Фармация» ЖШС өкілдерін шұғыл лездемеге жинауға уәде берді. 3 ақпан 2011, 00:00 9 152 рет қаралды