Атырау, 23 қараша 23:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәрі-дәрмекке қосымша қаржы бөлінді

4 368 просмотра

Өткен жылы «АЖ» халықтың жеңілдікке ие болатын санаттары үшін тегін дәрі-дәрмектер сатып алуға қаржының жеткіліксіз екендігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Облыстық биліктегілер науқас жерлестеріне жәрдем көрсетіп, бұл бап бойынша шығындар көлемі артты.

- Бұрын кейбір амбулаториялық науқастар үшін 50 пайыз жеңілдікпен берілетін препараттардың бір бөлігі биылғы жылдан бастап тегін босатылатын болады. Бұл жүректің ишемиялық ауруына, гипертензияға, созылмалы жүрек кінаратына, аритмияға, асқазан мен аш ішектің ойық жарасына қатысты, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВА.

- Дәрі-дәрмектерді сатып алуды қаржыландыру қандай сомаға көбейген? Біздің мағлұматтарымыз бойынша, 2012 жылға 321 млн теңге бөлінген, бұл созылмалы сырқатпен ауыратын науқастар үшін өте аз ғой.

- Бұл соншалықты көңіл жабырқатарлықтай емес. Біріншіден, бірқатар қымбат тұратын препараттарды сатып алуды республикалық бюджет өз мойнына алады. Бұл СПИД-ке, қант диабетіне, туберкулезге, ренальды анемияға, мукополисахаридозға, аутоиммундық сырқатқа, гематологияға, онкологияға, ұмытшақ склерозға қатысты. Амбулаториялық науқастарға арналған дәрі-дәрмектер үшін биылғы қаржымыз жергілікті бюджеттен бөлінген 200 млн теңге үстемемен көбейді. 2011 жылы анықталған науқастар, ағзаларын ауыстырған, қымбат дәрмектерге мұқтаж пациенттер қосылды. Мәселен, өткен жылы облыс бойынша бүйректің ауыр дәрежедегі сырқатымен 4 адам тіркелді. Олар үшін өмірлік маңызды дәрмектердің екі құтысының құны 280-300 мың теңге тұрады. Ал бұл препараттар оларға жыл бойына қажет.

Біз ешкімді де дәрі-дәрмексіз қалдырмаймыз. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қамтамасыз етеміз.

- Тендер қорытындысы қашан белгілі болады? Кімдер қатысады және тендер ұсынысының сомасы қандай?

- Бүгін (13 қаңтарда) конверт ашылды. Қазір қатысушылар ұсыныстары қаралуда, қорытындысы бір аптадан соң белгілі болады. Екі қатысушы бар: «Медицина» АҚ мен «УралФармГлобал» ЖШС. Тендерлік ұсыныстар 504 млн 874 мың теңге құрайды.

- Ал амбулаториялық науқастар дәрі-дәрмектерді қашан ала бастайды? Өткен жылы препараттардың сапасына көп наразылықтар болды. Дженериктер (түпнұсқалық дәрмектердің арзан баламалары) деп аталатын сары түсті қытайлық ампициллинге шағымданғандар бар. Түпнұсқа дәрмектер сатып алына ма?

- Амбулаториялық науқастар өз дәрмектерін ақпанның ортасынан бастап ала бастайды деп ойлаймын. Сапасына келер болсақ, біздің қызметкерлеріміз дәрі-дәрмек препараттарында қазақстандық сертификаттардың болуын қатаң бақылайтын болады.

Алайда, кейбір облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерінің пікірінше, әлі де 700 млн теңгенің дәрі-дәрмектері қажет болады екен.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

18 қаңтар 2012, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.