Атырау, 7 қараша 02:01
 ашықВ Атырау -2
$ 492.14
€ 528.85
₽ 5.01

Кел, құшақтасайық!

5 347 просмотра

4 желтоқсанда «АЖ» тілшілері жүргіншілерді Құшақтасу күнімен құттықтады.

Түстен кейінгі уақыт болатын. Біз Тамара және фототілші үшеуміз қаланы шарлап, кімді бірінші құшақтасақ екен деп ойлаумен болдық. Сөйтіп ЖПБ қызметкеріне көзіміз түсті. Жүрістерін баяулатқан көліктерді көзімен енжарлана ұзатып салған қызметкер көңілсіз көрінді. Ал оның кеудешесі мұң торлаған адамның келбетімен үйлесім тапқандай еді. Бітті, шешім қабылданды. Біз соған қарай жақындадық.

КӨЛІККЕ ОТЫР, ҚҰШАҚТАЙЫН

70-жылдары студенттік ортада қалыптасқан дәстүрге сәйкес, бұл күні, сондай-ақ, 21 қаңтарда тіпті бейтаныс жандарды да достық пейілмен құшақтауға болады.

Сізді құшақтауға бола ма?– біздің сұрағымыз оған атқан оқтың зуылындай естілді.

Неме-е-неее?

Бүгін Құшақтасу күні ғой! Бері келіңізші!

Алайда достық пейілмен ашылған құшағымыз сол күйі қалды. Жігіт зорлана күлімсіреді:

Қарындас, мен қызмет бабындамын, сіз мені құшақтай алмайсыз, - деді кесіп алғандай қылып.

Сіз алдымен кімсіз? Еркексіз бе әлде жол полициясы қызметкерісіз бе? Қанеки, тезірек құшақтаңыз бізді, әйтпесе қарсыласқаныңызға қарамай өзіміз-ақ сізді құшақтаймыз!

Жігіт қысыла біресе жол бойына, біресе бізге көз тастады... Содан соң бізге қарай бір қадам жақындап келіп, бәсең дауыспен:

Бұл жерден бәрі көреді ғой… Көлікке отырыңыздар, сіздерді сол жерде құшақтайын…

Әрине, істің бұлай бағыт алғаны көңілімізден шықпады да, кетіп қалдық.

Психологтардың пікірінше, сізді құшақтағысы келетін адамдардың көпшілігі жайлылықты, қауіпсіздік пен махаббатты сезінгісі келеді екен.

МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ «ҚҰШАҚТАЛУШЫМ»

Келесі діттеген жеріміз – «Ақ Жайық» қонақ үйнің алды болатын. Редакция көлігінен түсе сала, іске кірісіп кеттік. Жаңа жыл мерекесіне шам орнатып жатқан жұмысшы бізді мұқият тыңдап, мерекенің тарихын егжей-тегжей сұрап, енді құшақтасуға келгенде, сыпайы ғана үзілді-кесілді бас тартты.

Рахмет, қарындас, келесіде болмаса, қазір асығып тұрмын, уақытым жоқ... – деді қолына портфель ұстаған тағы бір ағай көлігіне отырып жатып. Ал мен оның әтірінің иісіне тұншығып қала бердім.

«Мені құшақтаудың қажеті қанша?!. Керек емес», – деп қабағын түйген әйел адам қасымыздан қырындап өтіп кетті.

«Иә, мен сені құшақтасам, сосын зорлап кетті деп жүрерсің!» – деп тұқыртып тастады бір атай. «Сендер қандай сектадансыңдар?» – деп сұрады қыздар. «Әрі жүріңдер!» – деп шарылдай жөнелді сәби жетектеген ана… «Мені әйелім өлтіреді».. «Осы жерде ме? Басқа жерге барайық» дегендер де болды. Ақыр аяғында «Негедеген сұрақпен аяқталды.

Ғалымдар құшақтасудың денсаулық үшін пайдалы екенін баяғыда дәлелдеген. Физикалық тұрғыда адам денесіне түйсікпен жанасқан кезде ағзада орталық жүйке жүйесінің қызметі жақсарып, иммунитет пен қандағы гемоглобин деңгейі көтеріледі екен. Бұдан басқа, мидың гипоталамусы қанға окситоцин гормонын бөліп, оның концентрациясы ағзада жақсы көңіл-күй тудырып, басқаларға деген жағымды қарым-қатынасқа жетелейді екен.

ОНЫ кездестірмейінше бәрі осылай болды.

Күн секілді, ашық сары капюшон киген жігіт құлағына төгілген музыка әуенімен аяғын нық басып келе жатты.

Жолына тұра қалған мен оны қалай еткенде де құшақтауды ұйғардым.

Тыңдашы. Бүгін құшақтасу мейрамы екен. Құшақтасамыз ба?

Қанеки!– бір сәт те ойланбастан, жігіт мені құшағына алды.

– Эээ… Осылай 20 секунд тұру керек,көрдің бе...Есімің кім? Нұрлан? Менің есімім Настя. Міне, Нұрлан, ағза осы уақыт ішінде бақыт гормондарын - эндорфиндер бөледіекенҚарсы емессің бе?

Жоооқ. Гыыы.

Біз құшақтасып тұрғанда, ойыма ыңғайсыз ой келді: мен құшақтаған адам кім деп аталады? Құшақталушы деп пе? Уақыт өтіп кетті.

Болды, Нұрлан… иә-иә, болды, рахмет...Болды деймі-і-ін!

Нұрлан менің аздап көңілімді көтерді, ал Тамара болса бұлай құшақтасуды доғаруды шешіп, маған осынау істе қолдау көрсетуді жөн көрді.

 

КҮМӘНСІЗ ЖЫМИЫС

Орын ауыстыруды ұйғардық. Енді «Насиха» маңындамыз. Бәрі асығыс, жүздері тұнжыраңқы, жабырқаған, ойға шомған күйде. «Кешіріңіз! Мынадай шаруа болып тұр еді…». Ашық түсті күрте киген бойы аласалау келген тәтей сұраулы жүзбен бетіме қарады.

Тәтей, сізді құшақтауға бола ма? – дедім басымды иығына қарай созып жатып. Тәтейдің түрі қатқыл көрінеді екен. Кенет менің көз алдымда ғажайып нәрсе орын алды: оның жүзі күлімсірегеннен нұрланып кетті. Бір сәтте ол хас сұлуға айналды:

Әрине! О не дегенің? Ураааа! Сен де кел бері,– деді ол Тамараға. – Бәріміз бірге құшақтасайық!

Екі зейнеткер қисынсыз өтінішімді айтып қастарына жақындап барған кезде әлденені қызу талқылап тұрған еді. Он минуттай көндіруге тура келді. Біреуі менің қолқалағанымнан қашып кетті, ал екіншісі келісім беруге мәжбүр болды, өйткені әбден әккіленіп алған мен ықтимал құшақталушы сәл күмән келтіре қалса, кейін шегінуге болмайтынын білетін едім. Атай келісім берді, бірақ есесіне ешкім бетін көрмесін деген өз шартын қойды: «Жасым келген адаммын ғой, қызым, жұрт басқа нәрсе ойлап қалар».

20 секундтық құшақтасу салтанаты ұзаққа созылып кеткендей болды, атайдың қатты толқып тұрғанын сездім.

Сізге қыздар құшақтаңызшы деген өтінішпен күн сайын келетіндей сезімде қалып тұрмын.  Дегенмен, бәрі де мүмкін... Сіз сондай сымбаттысыз, ата! - дедім мен қарияны серпілткім келіп.

Қария, ақыры, жұмсарып:

- Әй, жастар-ай... – деп жылыұшырай күлді.

Балалар дәрігері ата-аналарға өз балаларын ақыл-ой және физикалық тұрғыда дамуы үшін жиі құшақтауға кеңес береді. Алайда ересек адам да құшаққа мұқтаж. Тұрмыстық тұрғыдан алып қарағанда, құшақтау адамды босаңсытып, көңіл-күйді жақсартады. Ал жанұялық психологтар өз сыңарыңызды ешқандай себепсіз кем дегенде күніне сегіз рет құшақтауға кеңес береді.

Әрі қарай бәрі үйлесім таба кетті. Жиырма жас шамасындағы қыз бала не үшін екенін сұрамастан, мені қуана құшақтап алды. Қолына шар ұстаған Әсел есімді қыздың сыңғырлата күлгені сондай, мен оны сүйіп ала жаздадым. Өзімді дер кезінде ұстап қалдым – бұл құшақтасу күні ғой.

Тәжірибе жасаған екі сағат ішінде оншақты адамды құшақтаппын. Бір қызығы, әйелдер қауымы, құшақтасудан бас тартқан жоқ деуге болады. Ер адамдар бұған ұнатыңқырамай, жақтырмай қарады. Балалармен еш қиын болған жоқ. Жалпы, мұның бәрін неге айтып отырмыз... Адамдар, қысылмай құшақтасыңыздар дегіміз келеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ және Тамара СУХОМЛИНОВА

5 желтоқсан 2012, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.