Атырау, 23 желтоқсан 08:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Басқа жаңалықтар

Атырау енді көгорайға орана ма? Басқа жаңалықтар

Атырау енді көгорайға орана ма?

«Атырауда қаладағы ауа сапасын тексеретін, құрамына экология департаменті, «Қазгидромет», ұлттық экспертиза орталығы және Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарманың қызметкерлері бар тұрақты мобильдік топ жұмыс жасайды. Ол қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізеді»,- деп хабарлады брифингте басқарма басшысы Қадыржан АРЫСТАН. Ол сондай-ақ мұнайлы астананы көгалдандыруда ұйымдастырушылық өзгерістер болатынын айтты, мүмкін жаңаша бағыт өткен жылдарға қарағанда жақсы нәтиже берер. 8 қазан 2019, 11:56 3 651 рет қаралды
Атыраудағы медицина хроникасы Басқа жаңалықтар

Атыраудағы медицина хроникасы

Соңғы кездері Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Мұздатқыш камерасына салынған тірі нәрестеге қатысты сұмдық жағдай бүкіл елді дүр сілкіндірді. Алайда Атырау медицинасы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің көрінісі ғана. Облыстық басқарма басшылығын ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. 8 қазан 2019, 13:52 4 881 рет қаралды
«ҚазТрансГаз Аймақ» монополияға қарсы қызметпен соттасуда Басқа жаңалықтар

«ҚазТрансГаз Аймақ» монополияға қарсы қызметпен соттасуда

Монополияға қарсы департамент сот арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау филиалын өз қызметіне қосылғаны үшін тұтынушылардан қосымша төлемдер алуды тоқтатуға мәжбүр етті. Бірақ бұл хикаяның соңына нүкте әлі қойылмаған секілді. 8 қазан 2019, 14:38 3 344 рет қаралды
Апат патрулі Басқа жаңалықтар

Апат патрулі

6 қазанда таңғы сағат 7-лер шамасында Атырауда Гагарин мен Молдағұлова көшелерінің қиылысында  «Lexus ES 250» маркалы автокөлігі мен жол-патрульдік қызметінің арнайы автокөлігі соқтығысқан. Айта кету керек, бұл полицейлер қатысқан екінші жол-көлік оқиғасы. 8 қазан 2019, 16:21 4 589 рет қаралды
Атырау көшелерінің бірі енді капитан Каримовтың есімімен аталады Басқа жаңалықтар

Атырау көшелерінің бірі енді капитан Каримовтың есімімен аталады

Беларуссиядағы Щомыслицкий орта мектебінің оқушылары 70 жыл бойы жерлесіміз, Гурьев уезінің Жилая Коса поселкесінің тумасы, капитан Адгам КАРИМОВТЫ құрметпен еске алып, қабіріне күтім жасап келеді. 8 қазан 2019, 17:26 2 622 рет қаралды
«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па? Басқа жаңалықтар

«Дерекқордағы жазба» нәрестенің өмірінен қымбат па?

Жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған Атырау облыстық перинаталдық орталығының директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ пен акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНҒА қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА бастаған республикалық ұйымдардың жетекші мамандары Атырау облысына келді. 7 қазан 2019, 16:49 4 577 рет қаралды
Қай жерде қыстаған жақсы? Басқа жаңалықтар

Қай жерде қыстаған жақсы?

Қазақстанда жылу маусымы жақындағанда жылу тарифтері өзекті мәселеге айналды. Жақында орталық баспасөзден тұрғындарға жеткізілетін қымбат жылу тарифтері бойынша Атыраудың республикада үшінші орында тұрғанын білдім. Бірінші және екінші орындарда Алматы мен Шымкент тұр. 5 қазан 2019, 09:30 2 870 рет қаралды
Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша Басқа жаңалықтар

Атырау ЖЭО энергиясы қымбаттады, әзірге тұтынушылар үшін тариф бұрынғыша

ҚР Энергетика министрлігі электр энергиясына баға шегін көтерді. Атап айтсақ, Атырау ЖЭО өндіретін энергияның бір киловатт-сағатының шекті бағасы 1 қазаннан бастап 6,06-дан 6,82 теңгеге дейін көтерілді. АЖЭО үшін 6,06 теңге жақында ғана, 2019 жылдың 1 қаңтарында бекітілген еді. Ал бұған дейін баға бірнеше жыл бойы 7,3 теңге деңгейінде тұрды. Ол кейін сол кездегі президенттің коммуналдық тарифтерді төмендету туралы тапсырмасынан кейін азайтылған болатын. 5 қазан 2019, 09:40 3 149 рет қаралды
«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар» Басқа жаңалықтар

«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар»

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Бірыңғай есеп беру күнін» - бизнес саласындағы бақылау және қадағалау органдарының жұмыс нәтижелеріне арналған жиналыс өткізді. Оған ШОБ және түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 5 қазан 2019, 23:35 3 400 рет қаралды
Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған Басқа жаңалықтар

Атырау көшелерінің төрттен үш бөлігі жарықтандырылмаған

- Атырауда қанша көше бар және пайыздық тұрғыда олардың қаншасы жарықтандырылған? Көшені жарықтандыру желісін салу жоспарына қосу үшін көшені таңдау кезінде қандай талаптар қойылады? 4 қазан 2019, 10:00 4 488 рет қаралды
Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды Басқа жаңалықтар

Ескі қаланы сүрудің екінші кезеңі басталды

Мұнайлы астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін кезекте 87 956 өтініш тіркелген. Бүгінде жер қалаға қарасты Атырау, Ақсай, Көкарна, Водников, Жаңаталап, Тасқала, Дамбы ауылдық округтары аумағынан 1999-2004 жылдары өтініштер жазған азаматтарға беріліп жатыр. Бұл туралы брифингте қалалық жер қатынастар бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ мәлімдеді. Сондай-ақ ескі қаладағы үйлерді сүру туралы да әңгіме болды. 4 қазан 2019, 14:26 3 792 рет қаралды
Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты Басқа жаңалықтар

Облыстық перзентхана бас дәрігерінің ісі: пара берушіні бақылауға алып, адам өлтіру қылмысын ашты

Атырау облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері мен акушер-гинекологына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-тармағының 3, 7-тармақшалары (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының өлтiруі) бойынша не себепті қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. 4 қазан 2019, 21:35 5 117 рет қаралды
Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды Басқа жаңалықтар

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы орынбасарына, білім беру басқармасының экс-басшысына және басқаларға қатысты сот басталды

№2 Атырау қалалық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле САЙЛАУОВАҒА, облыстық білім беру басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВҚА, оның орынбасары Роза ҚАБДОЛОВАҒА, Кіші Өнер академиясының жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың бас есепшісі Назымгүл МӘЖИТОВАҒА, сонымен қатар, білім беру саласының қызметкерлері Ғабит ҚАБЕКЕНОВКЕ, Құндыз ИМАНҒАЗИЕВАҒА, Қансұлу ЖАМИЛОВАҒА және Бейбіт ЗАБЕНОВАҒА қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Бірінші отырыс айыптау актісін жариялауға арналды. 3 қазан 2019, 12:41 5 888 рет қаралды
Қызанақсыз қалып жүрмейік Басқа жаңалықтар

Қызанақсыз қалып жүрмейік

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының таяуда өткен отырысында залға күтпеген жерден көкөніс сататын сатушының кіріп келуі  денсаулық сақтау тақырыбын талқылап жатқан депутаттардың назарын аударды. 3 қазан 2019, 13:48 3 618 рет қаралды
Өлі төбеттен алтын шынжырға дейін Басқа жаңалықтар

Өлі төбеттен алтын шынжырға дейін

«Атырау Су Арнасы» КСС қызметінің инженері Магомед АЛИШАЕВ үшін 15 жыл еңбек еткен кезде кәріз люктерінен табылған нәрселердің ішіндегі ең өзгешесі (әрі жағымсызы) - кілемге оралған алып өлі алабай екен. Сурет 3 қазан 2019, 15:12 4 105 рет қаралды
Басқа пәле «смайликтен» Басқа жаңалықтар

Басқа пәле «смайликтен»

Атырау қалалық №2 сотында азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАҒА қатысты қозғалған сот ісі жалғасуда. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 2-тармағы (Қоғамдық бiрлестiкке қатысты олардың экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу туралы сот шешiмi бола тұра, олардың қызметiне қатысу) бойынша айыпталуда. 1 қазанда сотталушыдан жауап алынды, бұл жолы оны қолдауға жергілікті белсенділер көп келді. Сурет 2 қазан 2019, 11:12 3 738 рет қаралды
Атырау ұстаздары бұрын төленбеген үстемеақыларын алды Басқа жаңалықтар

Атырау ұстаздары бұрын төленбеген үстемеақыларын алды

Атырау қаласының 4 мыңнан астам мұғалімі кезінде төленбеген сауықтыру үстемеақыларын алды. Төлемдердің жалпы сомасы - 250 миллион теңге. Бұл туралы Атырау облысы прокурорының көмекшісі Қанат ҚАБДОЛОВ хабарлады. 2 қазан 2019, 16:53 3 345 рет қаралды
Тізімде жоқ па? Басқа жаңалықтар

Тізімде жоқ па?

Атырау облысы әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми интернет-ресурсында 1 қараша күні сағат 10:00-де Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау қаласының кейбір көшелері мен басқа да нысандарына атау беру және атауын өзгерту бойынша қоғамдық тыңдау өтетіндігі туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің хабарламасы жарияланды. 2 қазан 2019, 17:56 3 472 рет қаралды
Атырауда сараланған тарифті енгізу тағы 10 күнге шегерілді Басқа жаңалықтар

Атырауда сараланған тарифті енгізу тағы 10 күнге шегерілді

Атырауда автобус жолақыларына сараланған тариф енгізу мерзімі тағы да кейінге шегерілді: енді «Х күні» 11 қазанға белгіленген. Бірақ бұдан кейін шегерілмейтін сияқты. 1 қазан 2019, 10:52 2 875 рет қаралды
Атыраудағы 14 балабақша сенімгерлік басқаруға беріледі Басқа жаңалықтар

Атыраудағы 14 балабақша сенімгерлік басқаруға беріледі

Атырауда 14 балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурстық құжаттама әзірленуде. Қала әкімінің орынбасары Ұлықбек ТІНАЛИЕВТІҢ айтуынша, билік республикада жүзеге асырылып жатқан жобаларды талдап, МЖС (мемлекеттік-жеке серіктестік) жобалары мектепке дейінгі білім беру саласында кең қолданысқа ие деген қорытындыға келген. Бұл ретте, әңгіме жаңа балабақшалар салу емес, жұмыс істеп жатқан балабақшаларды сенімгерлік басқаруға беру туралы болып отыр. 1 қазан 2019, 16:01 5 985 рет қаралды
«Жасанды кедергілерді кез келген жерге қоя алмаймыз» Басқа жаңалықтар

«Жасанды кедергілерді кез келген жерге қоя алмаймыз»

Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ жыл басынан бергі жұмыс нәтижелері туралы тұрғындарға есеп берді. Мұнайлы астананы дүр сілкіндірген Баймұхановтағы жол-көлік апаты туралы көптеген сұрақтар қойылды, 21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингті өткізуге жиналған бірнеше адамның ұсталғаны туралы сұрады. Толығырақ «АЖ» материалында. Сурет 1 қазан 2019, 17:58 5 830 рет қаралды
Атырауда қысқа дайындық қалай Басқа жаңалықтар

Атырауда қысқа дайындық қалай

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ (суретте - сол жақта) пен қалалық ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Эдуард ОСПАНОВ (оң жақта) қатысқан брифингте қысқа дайындық туралы әңгіме қозғалды. Егер шенеуніктерге сенсек, бәрі жоспар бойынша орындалып жатыр. 30 қыркүйек 2019, 10:48 3 316 рет қаралды
Зауыттан шыққан қара түтін қала тұрғындарын аяғынан тік тұрғызды Басқа жаңалықтар

Зауыттан шыққан қара түтін қала тұрғындарын аяғынан тік тұрғызды

29 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрбасынан қара түтін будақтап, жанатын өнімдер шығарындысы орын алды. Лезде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, соның ішінде «Атырау облысының әкімдігі» Telegram чат каналы қала тұрғындары жолдаған суреттерге лық толды.   Толықтырылды Сурет 30 қыркүйек 2019, 14:32 7 468 рет қаралды
Тарантино сарынымен: отставкадағы Атырау полицейі бандиттің рөлін сомдайды Басқа жаңалықтар

Тарантино сарынымен: отставкадағы Атырау полицейі бандиттің рөлін сомдайды

Атырауда «Қалай миллионер болмау керек» деген атаудағы толық метражды көркем фильмді түсіру жұмыстары аяқталды. Жанры бойынша бұл - астыртын әзіл элементтері бар криминалды фильм, продюсері -  қалада түрлі іс-шараларда фотограф ретінде танымал болған Қарасай КҮНЖАРЫҚОВ. Ал негізгі зұлым кейіпкердің рөлін мұнайлы астананың отставкадағы полиция офицері Ербол ОҢҒАРОВ сомдайды. Сурет 30 қыркүйек 2019, 15:25 2 850 рет қаралды
Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау... Басқа жаңалықтар

Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау...

«Дәрігерлер ісі» соңғы кездері қоғамда кеңінен талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Президенттің тапсырмасымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВ пен анестезиолог Асқар ТҰҢҒЫШБАЕВҚА қатысты істі тергеуді өз бақылауына алды. Медицина қауымы әріптестерін қорғауға шықты. 30 қыркүйек 2019, 17:36 4 314 рет қаралды
Жайыққа құрылыс қоқысын төкті - 2 Басқа жаңалықтар

Жайыққа құрылыс қоқысын төкті - 2

«Жайыққа құрылыс қоқысын төкті» жарияланымы үлкен резонанс тудырып, су қорларын қорғау жөніндегі жергілікті инспекция экскаватордың көп мөлшерде әлдебір сусымалы материалдарды өзенге төгу фактісі бойынша міндетті түрде тексеру жүргізуге уәде берді. Алайда бұл істен әлі хабар жоқ, әзірге жағалауды абаттандырумен айналысатын «КА Строй ЛТД» ЖШС басшылығы жауап берді. 28 қыркүйек 2019, 11:33 3 534 рет қаралды
Мұртты «жолсеріктер» Басқа жаңалықтар

Мұртты «жолсеріктер»

"Бар қоспасы бірге" кофе, тез дайындалатын кеспе, терезе сыртындағы өзгеріп тұратын көріністер және пойызда жол қысқарту үшін қызық әңгіме өрбітуге әзір жолаушылар... Романтика ғой, иә? Алайда ҚТЖ компаниясының №625 рейсімен Астраханнан оралған Атырау тұрғыны Анастасия ДУДНИК үшін бұл сапар тіптен ерекше болды: оның кішкентай (бірақ семіз), мұртты әрі жағымсыз «жол серіктері» көп болған. Бейнежазба 28 қыркүйек 2019, 12:19 4 303 рет қаралды
Өзгеріс барлық комиссияға қатысты емес Басқа жаңалықтар

Өзгеріс барлық комиссияға қатысты емес

«Инновациялық қаржылық шешімдер» ЖШС-де Быстро-финанстан ақша алған қарыз алушылардың қарыздары кешірілді ме? Екінші сұрақ: заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін банктердің көпшілігі банктік қызмет көрсеткені үшін комиссия ұстаудан бас тартты, бірақ мен несие алған банк клиенттерінен өз қызметтері үшін ай сайын ақы алуды жалғастыруда. Бұл заңды ма? 28 қыркүйек 2019, 23:40 4 077 рет қаралды
Пион көшеттері қайда? Басқа жаңалықтар

Пион көшеттері қайда?

Жергілікті денсаулық сақтау саласының жағдайы Атырау мәслихатының тексеру комиссиясының отырысында қаралып, "сын көтермейді" деп бағаланды. Бұған мұнайлы астанада ана мен бала өлімінің көбеюі, тұрғындардан дәрігерлер қызметіне шағымдардың көп түсуі басты себеп болды. Сонымен қатар, депутаттар облыстық балалар ауруханасына баса назар аударды. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыз. 27 қыркүйек 2019, 11:24 3 878 рет қаралды
Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті Басқа жаңалықтар

Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті

Атыраудағы Баймұханов көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Тойота» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен қайғылы оқиғадан кейін «АЖ» тілшілері мұнайлы астананың «жолақтарымен» өтуді ұйғарған болатын. Бұл жерде жаяу жүргінші өткелдері қауіпсіз емес екендігіне тағы бір рет көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 15:56 7 881 рет қаралды
О дүниеден қайтарып алды Басқа жаңалықтар

О дүниеден қайтарып алды

Жыл басынан бері облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерлері инфаркт жағдайы бойынша 203 рет шақыртуға барған. Өткен аптада олар науқасты клиникалық өлім жағдайынан шығарып, тағы бір адам өмірін құтқарып қалды. 26 қыркүйек 2019, 16:25 3 594 рет қаралды