Атырау, 24 қараша 03:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Бизнесті тексеруге мораторий - мәселенің екі ұшы бар»

3 205 просмотра


Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Бірыңғай есеп беру күнін» - бизнес саласындағы бақылау және қадағалау органдарының жұмыс нәтижелеріне арналған жиналыс өткізді. Оған ШОБ және түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын ЕЛЕУСІЗОВТІҢ айтуынша, бүгінде облыста 127 943 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 57 948 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.

- «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асырылған 9 жылда 13 миллиард 603 миллион теңге бөлінді. Бұл сомаға облыста 1469 жоба келісіліп, 6315 жұмыс орны құрылды, - деді Елеусізов.

- Өкінішке орай, екінші деңгейлі банктердің ауыл кәсіпкерлері үшін қол жетімділігі өте төмен. Олар бізді өздерінен аулақ ұстайды. Біз республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты ауылдарға Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы бөлеміз, - деді Ноғаев.

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғарифолла ДОСМАҒАМБЕТОВТІҢ баяндамасынан жыл басынан бері өңірде төленбеген 11,9 млрд теңге салықтар туралы 4926 хабарлама шығарылып, бүгінде оның 10,4 млрд-ы төленгені белгілі болды.

- Президент Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий жариялап, компанияларды негізгі қызмет түріне 3 жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырды. Президенттің шешімі бизнесті бақылаушы органдардың заңсыз араласуларынан қорғауға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған. Бірақ бизнес бақылаусыз қалмайды. Тұтынушылар да қызмет алған кезде чек талап етуі керек, - деді Досмағамбетов.


Залдан қойылған сұрақтар:

- Атырауда көшеде көкөністер мен жемістер, самсалар мен донерлар сататын Өзбекстанның және басқа көрші республикалардың азаматтары өте көп. Оларға салық салынбайды, рұқсат құжаттары жоқ. Ал біздің кәсіпкерлерден кассалық аппараттар мен басқа құжаттарды талап етеді. Мұндай айырмашылық не үшін?

- Біз көші-қон полициясымен бірлесіп, рейдтік тексерулер жүргіземіз, оның барысында тіркелмеген резидент еместер анықталады. Заңды бұзғандар тіркеледі немесе Қазақстаннан шығарылады, - деп жауап берді Досмағамбетов.

 - Реттеуді қажет ететін мәселе, - деді Ноғаев араласып. - Оны шешу үшін қазір 100 сауда орнын бұрынғыдан да ұзақ мерзімге ұсыну жобасы жасалуда.

Содан соң «Атырау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Данияр ТАХАНОВҚА сөз берді:

- Бүгінде шағын саудаға арналған жер учаскелері 1 жылға беріледі - бұл инвестиция салуға тым аз уақыт. Қазір біз 5-7 жыл мерзімге конкурстық немесе аукциондық негізде берілетін 100 учаскені анықтадық. Бағдарлама іске асырылуда.

- Қанша адам жер алды? - деп сұрады Ноғаев.

- 69 учаске шығарылып, 25 жеңімпаз анықталды.

Қазақстан стоматологиялық қауымдастығының өкілі тексеруге мораторий мәселесіне оралды:

- Біздің салаға қатысты мораторий – мәселенің екі шеті секілді. Қазір стоматологиялық кабинеттер әр бұрышта ашылуда, оларды ешкім бақыламайды. Адал дәрігерлер бес жылдық сертификаттаудан өтеді, ал басқалары ештеңеден өтпейді.

Медициналық колледжді бітіреді, ата-аналары орын сатып алады - стоматологиялық кабинет дайын. Сол жерде отырып, ақша табады. Әлеуметтік желілерге бөгде суреттерді жариялайды. Пациенттер сосын маған шағым айтып келеді. Ал мен ешкімге жүгіне алмаймын.

Жауап ретінде Ноғаев құзырлы органдарға бұл мәселені шешуді тапсырды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

5 қазан 2019, 23:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.