Атырау, 24 қараша 03:19
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда скейт-парк ашылды

Сурет
3 968 просмотра


Бүгін, 5 қазанда, Атыраудың 379 жылдығын атап өту аясында қалада скейт-бағы ашылды.

Ауданы 1600 шаршы метр экстремалдық демалуға арналған жаңа орын Ерлан ТАБЫЛДИЕВТІҢ демеушілік қолдауының арқасында салынған. Ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ қатысты. Ол мұнайлы астананың жастарына осындай сыйлық жасағаны үшін Е.Табылдиевқа алғысын білдірді.

Ерланның өзі едәуір қобалжып, аз сөйледі. Бұл түсінікті де, мұндай урбан-алаңға зәру жастардың алдына оны тарту еткенде қобалжымасқа болмайды. Бірақ ол «АЖ» тілшісіне ең бастысын айтты:

- Біз жастарға көшеден осы жерге келуге мүмкіндік жасадық, енді олардың спортпен еркін айналыса алатын және ешкімге кедергі келтірмейтін орындары бар.

Мастер-класс өткізу үшін скейт-бақтың ашылуына Астраханнан урбандық мәдениет өкілдері шақырылды. Әрине, мен оларға да сауал қойдым.

- Сіздерде, Астраханда мұндай алаңдарға қатысты жағдай қалай?

- Бізде осындай алаң болған, бірақ кейін билік алып қойды. Әлі күнге дейін ештеңе жоқ. Осы бақтың демеушілерінің мұнда келуге шақырған ұсыныстарын қуана қабыл алдым. Осындай жерде сырғанау мүмкіндігі болғанына ризамын. Алаң тым тәуір, - дейді Саша өз әсерімен бөлісіп. Ол скейт тебумен 12 жылдан бері айналысып келеді екен.

- Сізге Астрахань-Атырау жолы қалай? (Бұл туралы сұрамай тұра алмадым).

- Жол деген... тіпті, сұрамаңыз да. Мұнда жігіттермен бірге көлікпен жеті сағат жүріп келдік. Қазір сырғанау өте қиын, шынымды айтсам, құрыс-тырысымды жазып алу керек.

- Біздің жігіттер қалай екен?

- Жігіттер керемет, қонақжай. Құдды оларды бес жылдан бері білетін сияқтымын.

Осы кезде трамплиндердің бірін көздеген Артур Сашаның орнын ауыстырды, ол да Астраханнан келген мейман.

- Ал сіз, Артур, BMX велосипедін қашаннан бері қолданып жүрсіз?

- 2006 жылдан бері. 2011 жылы Сникерс-урбанида екінші орын алдым. Көбінесе жігіттермен өзімізде Астраханда жарыстар ұйымдастырамыз.

- Саша сіздерде осындай алаң болғанын, бірақ оны алып қойғанын айтты...

- Алып қойды емес, оны басқа жерге ауыстырды. Оны тасымалдаған кезде, бәрін қиратып,  бүлдірген. Содан кейін онда ешкім сырғанаған жоқ.

- Ал bmxқымбат па?

- Едәуір.

- Ал бұл сізде нешінші bmx?

- Мен велосипедтің негізін өзгерткен жоқпын, ең қымбаты - оның түрлі қосалқы бөлшектері. Оларды көп адамдар жиналған күйінде спорт дүкендерінен сатып алады, бірақ мен оны өзім құрастырғанды жақсы көремін.

Жаңа скейт-бақ төрт аймақтан тұрады: сырғанау аймағы, кроссфит алаңы, стритбол алаңы және қоғамдық тамақтану алаңы. Саябақта сырғанауға арналған жабдықтар мен құрылғылар да сатылатын болады.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттерді түсірген автор

6 қазан 2019, 00:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.